Мемлекеттік кірістер комитеті 10 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен салық және кеден қызметтерін, сондай-ақ экономикалық тергеу қызметтерін біріктіру жолымен құрылған болатын. 2022 жылғы 11 шілдеде Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өз жұмысын бастады. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтай келе, салық экономиканың маңызды саласы екенін атап өтті.

Нұрлан Ұранхаев – Абай облысының әкімі

Мемлекеттік кірістер органдары – экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды сала. Бүгінгі таңда салық қызметі де заман талабына сай дамып, көрсетілетін қызмет түрлері электронды жүйеге көшті. Осы орайда, өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген өздеріңізге шынайы алғысымды білдіремін.

Іс-шарада салық және кеден органдарының ардагерлері көп жылғы қажырлы еңбегі үшін Құрмет грамоталары, мерекелік медальдармен марапатталды. Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органдарының ерекше көзге түскен қызметкерлері дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Іс-шараға қатысушыларды департамент басшысы құттықтады.

Руслан Данияров – Абай облысы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

Бүгін біз қызметкерлерімізді салық қызметінің үздіктерін құттықтадық. Сонымен қатар, біздің қызметкерлерді, сондай-ақ жас мамандарды, олардың ата-аналарын, салық қызметінің ардагерлерін құттықтадық. Бүгін барша әріптестерімізді кәсіби мерекемен құттықтаймын, денсаулық, бақыт, кәсіби өсуді тілеймін.

Мемлекеттік кірістер органдарының кұрылғанына 10-жыл толуының бірінші мерейтойлық күнін мерекелеуіне орай, бірқатар қызметкер Абай облысы әкімінің алғыс хатымен, ал мемлекеттік кірістер органдарының құрметті ардагерлері «10 жылдық» төсбелгісімен марапатталады. Кірістер органдары жұмысының тиімділігін арттыруға қосқан зор үлесі мен жоғары жетістіктері үшін "Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі" құрметті медалі табысталады.

Советхан Дүйсембаев – Жарма ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

Осы мерейтойда көпжылғы атқарған еңбегімізді бағалап, басшыларымыздың, комитеттің атынан осындай өте жоғары мәртебелі марапатын алып жатырмыз. Бұл дегеніміз біздің қызметіміздің, еңбегіміздің бағасын бергені деп ойлаймын.

Әсем Тұрлыбекова – абай облысы мкд түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы

Көптеген біздің қызметкерлер көп жылдағы елеулі еңбектері үшін, үлес қосқандары үшін бүгін бәріне марапаттар беріліп жатыр. Соның ішінде мерекелік медальдар, өзіміздің салық қызметі органдарының ардагерлеріне, сонымен қатар еліміздің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп жатқан бірқатар салық төлеушілерге МКД-нің аумақтық кірістер органдарының қымзметкерлері, сонымен қатар мемлекеттік кірістер үздігі деген төсбелгімен марапатталды.

Айжан Арықпаева – Абай облысы МКД талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы

Бүгін біздің төл мерекеміз, осыдан 10 жыл бұрын ҚР кірістер органдарының құрылған күні. Өз әріптестерімізді осы 10 жылдық мерейтой мерекесімен құттықтаймын, алдағы табысымыз мол болсын, денсаулық, бәріне кәсіби табыс тілеймін

Қазіргі таңда департаментте 19 басқарма және 12 аумақтық басқарма жұмыс істейді. Департамент құрылғалы бері мемлекеттік бюджетке 490,6 млрд теңге түсті. Оның ішінде республикалық бюджетке 305,8 млрд тг, ал жергілікті қазына үлесіне 184,8 млрд тг түсті. Мемлекеттік бюджеттегі негізгі үлесті өңірдің экономикалық дамуында шешуші рөл атқаратын салалар қамтамасыз етеді. Түсімдердің ең көп үлесі, нақтылап айтқанда, 54,3 пайызы тау-кен өнеркәсібі саласында.

Сұлтан Жоламанов