Салықты уақытында төлемегей жүргендерге тықыр таянды. Салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын бастады. Көлік салығын төлемесең өсімпұл қосылады. Әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептеледі. Айта кетейік, Семей қаласының өзінде ғана 68 мың жеке тұлға 98 мың көлік құралын иеленген.
СҰҢҒАТ ЕРКІН –МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Бүгінгі таңда Семей қаласы бойынша 11 мыңнан астам азаматтарға 571 миллион сумма көлемінде берешек бар. Егер де көлік салығын төлемеген жағдайда әрбір төленбеген күн үшін өсімпұл жүретін болады және де берешек пайда болған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде төлемеген жағдайда сот орындаушыларына жолданатын болады.
Сот орындаушылары борышкерлерге қатысты шаралар қолданады. Елден шығуға шектеу де қояды. Борышкерлер банк қызметтерін пайдалана алмайды, банк шоттарын ашуға шектеу қойылады. Ақша аударуға және несие де рәсімдеуге тыйым салынады.
ЖАНАРБЕК МҰХАНОВ – ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ӨҢІРЛІК ПАЛАТАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мемлекеттік кірістер басқармасына сведение бойынша бір жарым миллиард өнідірілді. Жиырма төртінші жылғы. Енді осы келе жатқан жиырма бес, ағымдағы жиырма бесінші жылғыда көре жатармыз. Негізі, мемлекеттік кірістер басқармасының сведениясына бағына отырып, өте жақсы исполнение болып жатыр сот орындаушылары арқылы.
Ал одан әрі төлемеген жағдайда, тіпті көлікті айыппұл тұрағына қою қаупі бар. Бұл ретте қарызбен қоса жеке сот орындаушыларының қызметтерін де төлеуге тура келеді. Көлік салығы үшін қарыз мұрагерлерге берілетінін біліп жүрген абзал.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ – ТІЛШІ
Бір ғана Семей қаласында 2014 – 2015 жылдардан бері көлік салығын төлемей жүрген 500-ден астам борышкер бар екен. Олардың кейбірінің мемлекет алдындағы берешегі 5 миллионға жетіп жығылады. Семей қаласының қазынасына түсетін қаржының бір жарым миллард теңгесі осы Семей қаласында тіркелген көліктерден.