Облыс әкімінің үндеуіне қоғам белсенділері, өңірдегі ірі өндіріс орындарының өкілдері, жастар жағы, қала тұрғындары үн қосуда. Тұрғындар ортақ істен оңаша қалмай, өлкені тазартуға жұмылды.

Облыс әкімі Берік Уәли өз үндеуінде бизнес өкілдерін, кәсіпорындар мен ұйымдарды да тазалық акциясына белсенді атсалысуға шақырды. Осы ретте Семейдің цемент зауытының жұмысшылары экологиялық акцияны бастап та кетті. Айналасын тазартып, өзгелерге үлгі болуда.

БАУЫРЖАН ТОҚЫШЕВ – ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫНЫҢ БАС ЭНЕРГЕТИГІ

Бүгін мен, Семей цемент зауытының ұжымы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының жариялаған «Таза Қазақстан» акциясын және Абай облысының әкімі Берік Уәли мырзаның үндеуін қолдау мақсатында сенбілікке шығуда. Зауыттан бұл шараға мөлшері 200-ден астам жұмысшымыз қатысуда. Айтарым осындай іс-шараға өз үлесін қосуда. Алдағы уақытта да сенбіліктерді жиі жасап тұрамыз.

ҚУАНЫШ БОЛАТОВ - «СЕМАЗ» ЖШС ИНЖЕНЕР-ЖОСПАРЛАУШЫСЫ

Облыс әкімі Берік Уәли «Таза Қазақстан» акциясына қала тұрғындарын шақырды. Біз өз ТОО «СемАз» ұжымы атымыздан осы «Таза Қазақстан» акциясына қатысуға дайынбыз. Семейдің, қаламыздың көркеюіне және таза ұстауына үлесімізді қосамыз. Бүкіл қала тұрғындарын шақырамыз. Жаңағы акцияға қатысуды, қаламыз таза болсын деп

Өндіріс ошақтары өкілдерінің бастамасын қала тұрғындары да қостауда. Облыс орталығына келгендер, шаһарды көргендер көз қуанатындай таза, әсем болса дейді.

Әрине, қолдаймын мен. Тазалық керек қой енді. Таза болсын. Қала таза болса, өзімізге де жақсы. Қолдаймын.

Тазалық деген ең керек, бірінші орындағы нәрселердің бірі ғой енді. Осы тазалықты ұстау керек.

Осы үндеу экологиялық тұрғыдан болашақ ұрпаққа үлкен жұмыстың бірі деп санаймын. Өйткені, тәрбие тал бесіктен басталады. Бірінші баланың тәрбиесіне көңіл бөлу керек. Тәрбие дұрыс болған жағдайда ғана бала қоғамға, өзінің әлеуметіне, ұжымына өте жоғары деңгейде қарайды деп санаймын. Ендігі уақытта біз осы үндеуге өзіміздің үлесімізді қоса кетсек. Табиғат, таза ауа ол тек біздің әкімге ғана емес, қаламызға ғана емес, өзімізге де керек нәрсе. Осыған орай, біз қаламызда көптеген волонтерлік іс-әрекеттерді ұйымдастырсақ өте жақсы болар еді.

Облыс әкімінің бастамасын тұрғындар осылай қолдауда. Өйткені туған жердің тазалығына ешкімнің де бей-жай қарағасы келмейді.