Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамға біржолғы ақшалай сыйақы төленеді. Өткен жылы облыста 6 адам антикорға ақпарат бергені 1,5 млн теңге төлемақы алды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. БАҚ назарына 2025 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолдары туралы ақпарат ұсынылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға азаматтық қоғамды тартудың түрлі жолы бар. Соның бірі волонтерлер жобасы. 2023 жылдан басталған іске облыс еріктілері де белсене кіріскен. Бүгінде аймақта 24 волонтер жемқорлықтың алдын алуға ынта білдіріп, қоғамдық бақылауға барын салуда.

НҰРЖАН ТОЛЫБАЕВ- СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М. А.

Бүгінгі таңда өңірде 24 белсенді волонтер бар, оның ішінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде белсенділік танытып жүрген бизнес субъектілері де бар. Мәселен, Президент Әкімшілігі тарапынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарына өңірлерде құрылысы ұзаққа созылған проблемалық объектілерді сүйемелдеу міндеті жүктелген. Олардың ішінде құрылысы уақытылы аяқталмай қалған автожолдар, ауыл тұрғындарын орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету объектілері, жайлы мектеп ұлттық жобалары сынды бірқатар әлеуметтік маңызды нысандар бар. Осындай объектілерді сүйемелдеу жұмыстарында біздің волонтерлік қоғамдастық белсенділік танытып, өздерінің азаматтық ұстанымдары тұрғысынан жәрдемдесіп отырады.

Президент Әкімшілігі тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарына өңірлерде құрылысы ұзаққа созылған нысандарды бақылау міндеті жүктелген. Тізімде аяқталмаған жолдар, сумен қамту нысандары, жайлы мектеп ұлттық жобалары сынды бірқатар әлеуметтік маңызды нысандар бар. Біздің өңірде сондай 23 нысан қоғамдық бақылауға алынған. Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам сыйақысыз қалмайды. Егер кінәлі адамға қатысты сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда ақпарат иесіне ақы беріледі. Оның мөлшері 10%, 4 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайды. Яғни, жемқорлық дерегі 15,7 млн теңгеге дейін бағаланады. Өткен жылы облыстың 6 тұрғынына жиыны 1,5 млн теңге сыйақы берілді. Сала өкілі сыбайлас жемқорлық фактісі туралы 1424 телефонына тәуліктің кез келген уақытында хабарлауға болатынын жеткізді.