Қаламызда Ауыл партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен, Абай атындағы кітапха мен ҚР Жазушылар одағы Абай облыстық филиалының қолдауымен белгілі ақын, жазушы Тұрдыбек Жүнісұлына арналған шығармашылық кеш өтті.

Іс-шара белгілі ақын, жазушы, әлем халықтары жазушылар одағының және Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі- Тұрдыбек Жүнісұлының 50 жас мерейтойына арналды. Жастайынан кітап оқуға құмар, ізденімпаз болып өскен ол есейе келе шығармашлық жолға түскен. Қазірде оның авторлық өлеңдері мен әндері көпке танымал. Туған жер, өмір, адамгершілік, абырой, махаббат тақырыбындағы туындылары көп.

АҚНҰР ҚАЙРАТОВА- АУЫЛ ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгін біздің қаламызда осы облыстық деңгейде үлкен іс-шара өтіп жатыр. Бұл шығармашылық кеш Тұрдыбек Жүнісұлы дейтін ақын, жазушы және біздің партиямыздың беделді мүшесіне арналады. Бүгінгі кешке қонақта әлем халық жазушылары одағының мүшелері, жан-жақтан келген өзінің жора жолдастары мен ақын, жыршылар келіп жатыр. Көріп отырғандарыңыздай бүгінгі кешіміз екі сағатқа созылып аяқталар емес. Осындай біздің өлкемізде шығармашылық кештер, біздің ұлттық өнерімізді дәріптейтін іс-шаралар көп болады деген ниеттеміз

Тұрдыбек Жүнісұлын мерейлі жасымен құттықтауға, еліміздің түрлі өңірлерінен достары, сыныптастары, туыстары, оқырмандары жиналды.

МЕРЕЙ ҚАРТ- ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұл кісінің әнге жазылған сөздері, қоғамдық өлеңдері, осы кісінің шығармашылығын тұтастай қамтыған шығармашылық кеш. Бұл шығармашылық кешке сонау Қапшағайдан, Алматыдан, Балқаштан, туған ауылы Тасбұлақтан қаншама шығармашылық адамдар қатысып отыр. Өлең жырмен көмкөріліп, ақынның табиғатын ашатын бір керемет шығармашылық кешке куә болып отырмыз

Сондай-ақ, шығармашылық кешке халықаралық ақындар орталығының төрағасы, қоғам қайраткерлері, әлем халықтары жазушылар одағының мүшелері қатысты. Мерейтойлық шарада Тұрдыбек Жүнісұлының өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА