«Шығыс Жастары» қоғамдық қоры өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында биылғы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Облысымызда «240 сағат ауылда», «Жастардың волонтерлік бастамасын қолдау», «Бизнес инкубатор» сынды жобалар іске асырылатын болады.

«Шығыс Жастары» қоғамдық қоры өз қызметін 2018 жылы бастаған. Осы уақыт аралығында жастарға арналған бірқатар жобаларды іске асырды. 2024 жылға жоспарлаған тың бастамалары да бар. Мысалы, «Ауыл жастарының әлеуетін арттыру» мемлекеттік тапсырыс аясында «240 сағат ауылда» жобасы бастау алмақ. Мұндағы мақсат ауыл тынысымен таныс емес қала жастарын қала манындағы елді мекендердің тұрмыс-салтымен таныстыру. Жастар 10 күн бойы арнайы тапсырмаларды орындап, ауыл өмірімен танысады.

АЛИБИ АБДУРАИМОВ – «ШЫҒЫС ЖАСТАРЫ» ҚҚ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Қазіргі таңда жастардың көбінің қолдарында телефон. Ол жерде телефон болмайды. Біз сеть дұрыс ұстамайтын жерге барамыз, телефонды аламыз. Күні бойы телефон оларды болмайды. Кешкісін ғана 1 сағат уақыт беріледі. Үйдегі ата-аналарымен хабарласып сөйлесіп хал бөлісуге беріледі. Одан кейін жастар ауыл тынысымен танысатын болатын. Ауыл клубы бар сол клубтармен ауыл жастарымен көптеген шараларды істейтін болып табылады.

Өңірде «Жастардың волонтерлік бастамаларын қолдау» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылмақ. Онда облыс волонтерлерінің бірыңғай электрондық базасы қалыптастырылады. Сонымен қатар еріктілерді көмекке шұғыл түрде жұмылдыру үшін ұялы операторлар арқылы автоматты SMS тарату қосымшасы пысықталуда. Сонымен қатар «Бизнес инкубатор» жобасын дамыту басты назарда.

АЛИБИ АБДУРАИМОВ – «ШЫҒЫС ЖАСТАРЫ» ҚҚ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Қала басшысы Нұрбол Төлегенұлының бастамасымен «Бизнес инкубатор» жобасын іске асыруды қолға алатын болдық. Бизнес инкубатор 7 бағытта жұмыс атқаратын болады. Біріншісі жаңа кәсіпорындарды қолдау. Екінші инновациялық өркендеу. Үшінші жаңа жұмыс орындарын құру. Экономика және кәсіптік мәдениет қалыптастыру. Алтыншы әріптестік және желіні құру және Аймақтық дамуды қолдау болып табылады. Осы 7 бағыт бойынша «Бизнес инкубатор» жұмысын атқаратын боламыз.

 «Бизнес инкубатор» жобасы жас кәсіпкерлерге таптырмас мүмкіндік. Жоба ұйымдастырушылары бизнес өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, көмектесуге дайын. Олар биылғы жылы 10 шақты бизнес жобаны іске асыруға ынталы.