Зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз адамдарды еңбеке араластыру мақсатында Семейде «Күміс жас» жобасы іске асуда. 2023 жылы қала бойынша жоба арқылы 377 адам жұмысқа орналастырылды. Бағдарлама 2021-2025 жылдарға арналған. Ол кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өткізілуде.

«Күміс жас» жобасына зейнеткерлік жасқа толмаған 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар өздерінің жалақыларын субсидиялай отырып қатыса алады. Жұмыс ұзақтығы 3 жылдан аспайды. Аяқтағаннан кейін қатысушыға зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орны беріледі. Бұл бағдарлама тек қатысушылар үшін ғана емес, жұмыс берушілер үшін де тиімді мүмкіндік. Өйткені, жалақыны жұмыс беруші белгілейді және төлейді. Бұл ретте мемлекет алғашқы 12 айда жалақының 70% - жабады, бірақ 30 АЕК-тен аспауы қажет. Сонымен қатар ұйым жаңа жауапты және тәжірибелі қызметкермен толығады.

ДАРИҒА ДАЙЫРОВА - СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Күміс жас жобасы бойынша көп адамдар бізге келгенде ерекшеліктігі, жұмыс берушідің құрылғанына 1 жыл көлемінде төмен болмау керек. 1 жылдан асу керек жұмыс істеп отырғанына. Сол жұмыс беруші ретінде тіркелген құрылғанына 1 жыл болу керек. Және де барлық салықтардан ешқандай қарызы болмау керек. Сол кезде енбек.кз порталына тіркеледі, жеке кабинет ашылады. Ол ашылғаннан кейін ол өзінің өтінімін береді. Ол жұмыс берушіге қандай мамандық бойынша осы Күміс жас бағдарламасы бойынша қандай мамандық керек

Жоба бойынша автомобиль жүргізушісі, аспаз, сатушы, тігінші, тәрбиеші, күзетші және басқа да көптеген мамандықтар сұранысқа ие. Дидар Байжұминова «Күміс жас» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан азаматтардың бірі. Тіл мектебінде оқытушы болып жұмыс істейді. 2023 жылдың сәуірінде ол жұмыссыз ретінде тіркелді және сол жылдың мамыр айында жобаның арқасында жұмысқа орналасты. Ол бала кезінен мұғалім болуды армандаған.

ДИДАР БАЙЖҰМИНОВА - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Былтыр 7 сәуірде 2023 жылы жұмыспен қамтамасыз ету орталығына жұмыссыз ретінде тіркелгенмін ,сосын 5 мамыр күні 2023 жылы Күміс жас бағдарламасы бойынша ТОО Эрудит Груп орталығына жұмысқа жіберілдім. Былтырғы жылдан бастап осы орталықта жұмыс істеймін тіл маманы бойынша. Мұғалім болу мамандығын бала кезімнен армандағанмын. Сол арманым орындалып Павлодар педагогикалық институтына 1988 жылы түсіп 2023 жылы бітірдім Балалармен жұмыс жасау өте өзіме ұнайды , көңілімнен шығады.

 2024 жылы «Күміс жас» жобасы аясында 429 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Жыл басынан бері қаламыздың 252 тұрғыны жұмыс орындарына жолданды.