Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасын Жаңасемей ауданындағы Қайнар ауылының тұрғындары да қолдады. Тілшіміз толықтырады.

"Таза Қазақстан" акциясының басты мақсаты - халықтың назарын табиғаттың ластану мәселесіне аудару, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Қазіргі уақытта "Жасыл аймақ" апталығы басталды, оның барысында жасыл желектерді көбейту жұмыстары жүргізілуде. Экологиялық акция еліміздің бірқатар өңірлерінде қолға алынды. Аталған шара Қайнар ауылында да қолдау тапты. Ауылдағы орталық аллеяда, мәдениет үйі мен мектептің аулаларында көшеттер отырғызылып, тазалау жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке ауыл тұрғындары мен Жаңасемей ауданының басшылығы қатысты.

ДӘУЛЕТ ӘСЕМБАЕВ ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мемлекет тапсырмасының бастауымен әр өңірлерде , Таза қазақстан акциясы басталып отыр. Сонымен қатар, бүгін Жаңасемей ауданына қарасты Қараөлең ауылдық округінде Қайнар ауылында бастаманың жалғасы болып жатыр. Бесіктегі баладан таяқ ұстаған ақсақалға дейін. Бұл енді бір жағынан ауылдың тазалығы. Ауылда тұрғаннан кейін мен ойлаймын ауасын жұтып топырағын басқаннан кейін осы ауылдың тазалығы бірінші орында болу керек.

Экологиялық акция аясында Қайнар ауылында орталық көшелер мен ауылдың маңын қоқыстардан тазартуға, көгалдандыруға және жалпы аумақтарды абаттандыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті.

ҰЛАН ЫСҚАҚ ҚАЙНАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Ауылымызда өте бір жақсы , ауылдың іші сыртын , көшелерді , аулаларды жинастыру, сенбілік жасау науқан өтті. Тазалық адамның денсаулығынын кепілі. Адам баласы таза дұрыс өмір сүру. Сол арқылы ұрпаққа үлгі өнеге беру, осының бәрі қарап тұрсаңыз, тереңде жатқан мәні бар. Қолдаймыз, қуанамыз , қазақ елі, өркендеп өсе берсін.

Игі іске аудан басшылығы, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары мен аналар кеңесінің мүшелері, көпбалалы аналар, белсенді жастар және ауыл тұрғындары қатысты. Әрбір қатысушы қоршаған ортаны жақсартуға өз үлесін қосты.

ГҮЛДАНА НҰРТАЗИНА КӨПБАЛАЛЫ АНА
Бұның маңыздылығы өте зор. Қала болсын, ауыл болсын осы Қазақстанымыздың тазалығына әрбір азамат жауапты деп санаймын. Бүгін міне барлығымыз бірігіп, ағаш егіп, даланы жасылдандыру акциясы бойынша барлығымыз қатысып жатырмыз. Ауылымыз дами берсін 0102
Осы ретте жастардың белсенділігін атап өткен жөн. Оқушылардың көмегімен қоқыстарды, құрғақ жапырақтарды жинау бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Балалар жұмысты бірлесе істеп, тазалық орнатты.
ЕРКЕ ҚАНАТОВА ОҚУШЫ
Табиғатымзды қорғау, аялау сақтап қалу біздің борышымыз, біздің міндетіміз. Таза Қазақстанның жарқын болашағы үшін біз табиғатты тазалық жұмысын жүргізудеміз. Және де табиғаттың ертеңі біз. Сондықтан табиғатымызды таза ұстап, сенбілікке шығып таза ұстауымыз керек.

Осындай акциялардың арқасында қоршаған орта таза болады. Экоеріктілер қозғалысы дамуда, бұл табиғатты қорғап, қолдаудың жақсы мысалы.