Семейде «Таза Қазақстан» экологиялық екі айлығы аясында «Құстарға ұя сыйла» акциясы өтті. Іс-шара Бейбітшілік аралында ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты балаларды табиғатты аялауға тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Көктем басталысымен жылы аймақтарға ұшып кеткен құстар туған мекендеріне оралады. Қала оқушылары қауырсынды достарына ұя сыйлауға жиналды. Акцияға 150- ге жуық адам қатысты. Олардың ішінде мектеп оқушылары, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен нашар көретіндерге арналған интернат тәрбиеленушілері, жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ облыстық балалар биологиялық орталығының қызметкерлері бар.

БІРЖАН БҰЛАБАЕВ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Бүгінгі шараның мақсаты оқушылардын табиғатқа аялауға шақыру, құстарға, жануарларға деген сүйіспеншілікті арттыру және оқушыларды ерте жастан бастап енбекке тәрбиелеу, баулу .Және құстарға үй жасау шеберлік сыныбы өткізілді ,оған жанағы барлық қатысушылар қатысты. Дайын ұяшықтарды балалар өздерінің ұстаздардың көмегімен ағашқа іліп жатыр.

Іс-шара аясында құс ұясын жасауға арналған шеберлік сағаты өтті. Балалар құстарға арнап үй жасауды қызыға үйренді.

ОЛЖАС ҚАРАМЕҢДИН СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ №20 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
Құстарға өз ұяларын табуға, ұяларына жылы және қолайлы ұя жасап , осы акциясынын бас қосында жүрміз. Бүкіл қазақ халқын, семей халқын табиғатты аялау шараларына, сенбіліктерге қатысуға білім беру мекемелеренің атынан шақырамыз. Бұл деген өсіп жатқан өскелең ұрпақтың бойына табиғатқа деген сүйіспеншілікті , мейірбандықты , құстарға деген күтіп бағу бойынша үлкен өз көмегін тигізеді деген сенімдеміз.

Акцияға Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов та қатысты. Қала басшысы іс-шараға келгендерді қолдап қана қоймай, оқушыларға ұя салатын қораптарды қалай дұрыс бекіту керектігін айтып, кеңес берді. Айта кетейік, ұя жасау құстардың көбеюіне әсер етеді.

ДАРЬЯ ВОЩАКИНА ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР БИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Құстарға ұя салу акциясы бұрыннан бері келе жатқан ерекше шара. Бұл акция ағаштарға ұя салған құстардың санын көбейтуге көмектеседі. Олар әрине, торғайлар, шымшық, жорға, шыбыншы торғайлар. Осы акцияның арқасында құстардың саны бірнеше есеге өсіп, біз салған ұялардан құстар өз орындарын табады деп ойлаймыз.
АҢСАҒАН ҚЫДЫРҒАЛИ №23 МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ
Бұл іс шара арқылы оқушылар табиғатты аялау, оған көмек көрсетүді үйренеді. Мен қатысушы болып, құстар ұшып келген ұялар әкелдім. Оларға ыңғайлы болсын, балапан бассын деп. Көптеген адамдарға рахмет айтамыз

Мұндай іс-шаралардың жастарға экологиялық мәдениетті сіңіруде берері көп. Дәстүрге еніп қана қоймай, әркімнің жүрегінен орын табатын шараға айналуда