ҚМДБ Абай облыстық өкілдігі мен Газельдер клубы бірлесіп, «Қайырымдылық керуенін» ұйымдастырды. Қазір көптеген елді мекендерді сел басып, халықты әбігерге салып жатыр. Қайырымдылық керуені қарғын судан зардап шеккен өңірлерге жіберіледі.


Еліміздің бірнеше аймағы тасқын судың зардабын көріп отыр. Қиын сәтте Абай облысының белсенді жастары мен жаны жомарт азаматтар құр қарап отырған жоқ. Қиындықты еңсеруге қол ұшын созып, көмек беруді бастап кетті. Еріктілер ұйымы да қатарға қосылып, тасқын болып жатқан аймақтарға қажетті заттарды жинап жатыр.
РАСУЛ ЕЛЬДАРОВ ГАЗЕЛЬДЕР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ
Семей қаласының тұрғындарына, облыс халқына, жан-жақтан ауылдардан келіп атсалысчып жатқан адамдарға көп көп рақмет. Енді бұйырса 2-3 газеліміз толып қалды. Тағы көбірек жинайтын шығармыз. Бәрі халықтың келуіне байланысты. Халықтың аманатын аман-есен жеткіземіз деп ойлаймын. Газельдеріміз апар деген жерге апарады. Ақтөбе Қостанай болсын, өзіміздің облысымыз болсын. Қай жаққа айтады жетекшілер, сол жаққа барамыз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қарғын судан зардап шеккен аймақ тұрғындарына ең алдымен ересек адамдар мен балаларға арналған резеңке етіктер қажет екен. Сонымен қатар құрылыс заттары, дәрі-дәрмек, балаларға арналған жөргектер, киім және гигеналық заттар керек.

РАШИД БЕИСОВ АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІ
Үлкен сынақ келді елімізге. Бізде Семей өңірі Абай облысы бір үйдің баласындай атсалысып, Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінен штаб құрылып, халық азық-түлік, резеңке етік әсіресе, күрек сайман таза киім-кешек әкеліп жатыр. Осындай қиын қыстау уақытта бір үйдің баласындай бір-бірімізді демеп, көмектесейік.

Қайырымдылық керуеніне келіп көмек қолын созып жатқан тұрғындар қатары аз емес. Қазір жиналған заттар Газельдерге тиеліп жатыр. Гуманитарлық көмек су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлерге жөнелтіледі.