Қаламызда 15 сәуірден бастап масаларды улау жұмыстары басталады. Масалар мен шіркейлердің жаппай көбеюіне жол бермеу үшін дезинсекциялық жұмыстың 5 кезеңі жүргізіледі.
Күннің көзі көрініп, күн жылынған сәттен ақ маса мен шіркей қаптайтын кезең басталады. Осыны болдырмау үшін биыл қала әкімдігі алдын алу шараларын жоспарлап отыр. Жалпы масаға қарсы өңделетін алаң шамамен 500 гектарды құрайды. Су айдындарының аумағы бойынша мониторингке сәйкес дернәсілдер сатысында масаларды дезинсекциялау және жою жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады. Сонымен қатар, дезбригадалар ашық учаскелерде, орамішілік аумақта, көшелерде жұмыс істейді.
ЕРАСЫЛ ШӘКЕНОВ АБАТТАНДЫРУ СЕКТОРЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
15 сәуір яғни бірінші кезең масалардың дернәсіліне қарсы кезеңі басталады. Яғни, дернәсіл масаларды жою әдістері қолданылады. Бұл дернәсілдер батпақты жерлерде немесе Ертістің жағалауы маңында пайда болады. Яғни, жағалау маңындағы ылғалды жерлер масалардың дернәсілдері пайда болатын орындар.
Дезинсекция кезінде адамдардың жаппай демалатын жерлерінде – саябақтар, жағалау маңдары мен тағы да басқа адам көп шоғырланатын жерлерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар күз мезгіліне дейін жалғасатын болады.
ЕРАСЫЛ ШӘКЕНОВ АБАТТАНДЫРУ СЕКТОРЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Сондай-ақ, көктемде кенеге қарсы улау жұмыстары жоспарлануда. Бұл жұмыстар қарағайлы орманда, Бейбітшілік аралы және т.б. Семей қаласы тұрғындарының демалыс орындарында жүргізіледі. Ал күзде кенеге және кеміргіштерге қарсы улау жүргізіледі. Бұл жұмыстар күз мезгіліне дейін жалғасатын болады.
Айта кету керек, бұл шаралар қаладағы жәндіктердің санын едәуір азайтуға көмектеседі, бірақ олар экожүйенің бөлігі масалардың көбеюін толығымен жоя алмайды. Сондықтан дәрімен улау тәсілі қолданылады. Ал себілетін дәрілердің адамға зияны жоқ, дейді мамандар.