Семей қаласындағы Отбасын қолдау орталығында Республика күні қарсаңында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қаузалған тақырып - «Тәуелсіздікке 35 жыл: сын-қатерлер мен жетістіктер». Жиналғандар еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы маңызды кезеңдерін, қазіргі әлеуметтік мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылап, пікір алмасты.