Жұмысшы мамандықтар жылына орай, өңірде жастарды, мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау мәселесіне ерекше назар аударылып, техникалық және инженерлік салаларға қызығушылықты арттыру жұмыстары жүргізілуде. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі - жастардың өнеркәсіптік кәсіпорындарға баруы. Осы жолы №1 орта мектептің оқушылары Цемент зауытын барып, ондағы жұмыспен танысты.