СЕМЕЙДІҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ

Облыс әкімі Берік Уәли қала активіне Семей қаласының жаңа әкімін таныстырды. Әділет Қожанбаевтың қолына әкім куәлігі тапсырылды. Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, әкімдіктегі бөлім басшылары қатысты.

Аймақ басшысы қала әкімін тікелей сайлау саяси науқанының маңыздылығына тоқталды. Семей облыстық мәртебесі бар қаланың әкімі сайланған елдегі алғашқы қала.

БЕРІК УӘЛИ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынған ауқымды реформаларының маңызы бар бағыты, заңды жалғасы деп айтсақта болады, біздің облысымызда сәтті іске асып жатыр. Оған дәлелі, осы кеше өткен қала әкімінің сайлауы. Бұл еліміз үшін дамудың жаңа кезеңі жаңа саяси жүйені реформалау ісіндегі кезекті, маңызды қадам.

Биылдан бастап «Сайлау туралы» заңға сай облыстық маңызы бар қала, аудан әкімдерін халық тікелей дауыс беру арқылы сайлайды. Облыста 2 жыл бұрын Курчатов қаласы мен Абай ауданының әкімі, биыл Жаңасемей ауданының әкімі тікелей дауыс беру арқылы сайланған болатын. Қала тұрғындарының таңдауымен Семейдің әкімі қызметі жүктелген жаңа әкім тұрғындардың сенімін ақтауға уәде берді.

ӘДІЛЕТ ҚОЖАНБАЕВ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Маған, сөздің шыны керек, әр адамның басына жазылмайтын бақ шығар, туған ауданында туған жерімде әкім болдым. Өзіміздің облыс орталығы туған жерімізде қалаға әкім болу жазыпты енді бұл абай бірге жауапкершілік, үлкен сенім, халықтың атынан беріліп отырған, сондықтан, осы сенімдеріңізді ақтауға, жерге қаратпауға және де қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бірге жұмыс жасаймыз.

Жиын барысында Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлжан Қуанышева Әділет Қожанбаевқа әкім куәлігін тапсырды. Мәслихат депутаттары жаңа әкімнен үміт күтеді.

ШОЛПАН МОЛДАҒАЛИЕВА – СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Семей қаласы жақсы әкімге мұқтаж, өйткені бізді көп жұмыс күтіп тұр: әлеуметтік, экономика және бюджетке қатысты. Бізде тек тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы ғана емес өзге де салаларда атқаратын шаруа жетерлік. Егер барлық салада жұмыс жүріп жатса депутаттарға да жеңіл болады. Себебі шешілмеген мәселе аз емес.

Семей қаласының қордаланып қалған мәселелері де жетерлік. Облыс әкімі Семейдің жаңа басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымының жақсаруына және қаланың көркеюіне барлық күш-жігерін салады, деген сенім білдірді. Қала әкімін сайлау Семейдің бастамалардың көш басындағы қала мәртебесін тағы бір делелдеді.

НҰРГҮЛ САДЫҚОВА