Ауыл шаруашылығы – еліміздің экономикалық қауіпсіздігі мен азық-түлік тұрақтылығының негізі. Салада талмай тер төгіп жүрген шаруаларға қолдау көрсету – мемлекет жүргізіп отырған аграрлық саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы ретте «ҚазАгроҚаржы» АҚ шаруашылықтардың сенімді серіктесіне айналған. Ол мыңдаған қожалықты жаңа техникамен қамтамасыз етіп отыр. Бүгін Бородулиха ауданындағы шаруашылықтарда баспасөз туры ұйымдастырылды.