Өткен жылу беру маусымында облыстағы тұрғын үйлерде 300-ден астам өрт шықты. Қызыл жалын қаншама адамның өмірін қиды. Тағы суық түсті, енді сақтықты күшейту керек. Осы мақсатта ТЖД қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Құтқарушылар шаһардың шеткері аумақтарындағы үйлердің жай-күйін көріп, тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.