«ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГ – ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН БІРЛІК ЖОЛЫ» ФОРУМЫ

18-і қазан – Рухани келісім күні. Осыған орай Семейде «Дінаралық диалог – ортақ құндылықтар мен бірлік жолы» атты облыстық форум өтті. Жиынға Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов, өңірдегі діни бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ, ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері қатысты.

Рухани келісім күні – ел бірлігі мен татулығын дәріптейтін маңызды мереке. Бұл күн – адамдарды ұлты мен діни сеніміне қарамастан бір қоғамға біріктіретін тұрақтылық пен ынтымақтың мерекесі болып аталып келеді. Мемлекеттің дамуы үшін ауызбіршілік пен сыйластықтың орны бөлек.

МЕЙІРЛАН РАХАНОВ, АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл айтулы күн біздің ортақ тарихымыз бен тағдырымызды, ұлт пен дін арасындағы өзара құрмет пен түсіністікті, бейбітшілік пен татулықты дәріптейтін маңызды мереке. Рухани келісім бұл елімізідң тұрақтылығы мен гүлденіуінің негізі. Бүгінгі Қазақстан 100 ден астам ұлт пен түрлі дін өкілдерінің бейбіт өмір сұріп жатқан ортақ шаңғырағы.

Басқосуда қазіргінің өзекті түйіткілдері талқыланды. Діни жат ағымдардан абай болу керек екенін айтады, мамандар. Бұл ретте форумдардың берері мол. Бірақтар діни конфессия өкілдері бір мүдде аясында бірігіп, ортақ мәселелерді шешу жолын қарастырады. Кездесуге қатысушылар еліміздегі дінаралық татулық пен келісімді нығайту бағытында пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.

ДӘУЛЕТ МАҚАЖАН, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ БІР МҰНАРАЛЫ АҒАШ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ

Өте бір маңызды сұрақтарды, тақырыптарды қозғайық деп отырмыз. Экстремистік топтарға біздің жастарымыз түспесе дейміз. Менің ойымша, бүгінгі отырыста сол туралы көп талқылауымыз керек.

Форум тек отырыспен шектелмейді. Ауқымы кең, бұл жиынның. Мереке аясында тағылымды бастамаларға толы 2 күнге жоспарланған арнайы бағдарлама әзірленді.

АЙБЕК ҒАПУОВ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Рухани келісім күні деген – татулық пен достықтың белгісі. Форум аясында көшеттер отырғызу, ақпараттық түсіндіру топтарына арналған оқыту семинар-тренингтері және аудандардан жиналған әкімдік өкілдері мен діни конфессия өкілдері арасында қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе алмасу бағытындағы аранйы жұмыстар атқарылатын болады.

Қазір аймақта 7 конфессияның 178 діни бірлестігі тіркелген. Бұл өңірде ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен дамыту жолындағы жүйелі жұмыстардың көрсеткіші іспеттес.

ЕРАСЫЛ КЕНЖЕБЕК