Облыста кекушинкай каратэ спорты жақсы дамып келеді. Балалардың қызығушылығы аса жоғары. Тарлан кешенінде өткен қалалық біріншілік осының айғағы. 350-ден аса мектеп оқушысы қатысып, үздіктерді анықтады. Кекушинкай каратэден өткен қалалық жарысқа облыстың жас спортшыларымен бірге Павлодар, Өскемен қалаларының да каратэшілері қатысты. Балалар танымал шығыс жекпе жегіне үйір. Ол тек шапшаңдық пен шымырлықты арттырып қоймай, баланың ерік-жігерін жануға, мінезін қалыптастыруға таптырмайтын мүмкіндік, дейді бапкерлер. Өйткені жарыстарда жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Спорттық жарыс шыңдалу алаңы.
ҚУАТ ИСАЖАНОВ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Бүгінгі жарыс 60 салмақ дәрежесінде жасөспірімдер мен қыздар арасында өтіп жатыр. Бұл спорт бөлімінің күнтізбелік жоспарына енген. Салауатты өмір салтын, осы спортты насихаттауды мақсат етеді және спорт террозизмге қарсы ұранымен өткізіліп жатыр.
Жарысты ата-аналар да қызыға тамашалады. Маңдай термен еңбектенген бүлдіршіндердің шеберлігі көпті тәнті етті. Балалардың жеңісті сәтін де, ұтылған тұсын да жаттықтырушылар көзден таса қылмайды. Ол ортақ нәтиже. Осындай додаларда бап пен бақ таластырғандар ересек өмірде кез келген күрделі жағдайдан шығудың жолын тез табады, дейді облыстық федерация басшысы.
ГҮЛНАР ЖАКАЕВА ОБЛЫСТЫҚ КЕКУШИНКАЙ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Кекушинкай каратэ баланы алға жетелейді, тәртіпке үйретеді, Жаттығулар жасап жарысқа қатысып жүргендер өмірде де қандай қиыншылықтарға сынбайтын болады. Осы спорт түріне қатысуға шақырамыз, жаттықтырушыларымыз мектептерде жұмыс істеп жатыр. Абай облысында қазір 1 мыңнан аса бала қатысады қазір осы спортқа.
Қалалық жарысқа жақсы әзірлікпен келгендердің бірі Байсари Магамаева. Небәрі 4 жасында каратэ мектебінің табалдырығын аттаған ол қазір қоңыр белбеу иегері.
БАЙСАРИ МАГАМАЕВА- ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Мен жарыста өзімнің мінезімді көрсеткім келеді. Өзімнің жүлделі орнымды аламын. Жарысқа мықты дайындалдым, 10 жылдан артық жаттығып жүрмін. Бұл спортқа 4 жасымда келгенмін, төзімділікті арттыратын тамаша спорт.
Сайыстан үздік шыққандар Өскемен және Алматы қалаларындағы жарыстарда облыстың намысын қорғайтын болады.
НҰРГҮЛ САДЫҚОВА