«Таза Қазақстан» акциясы қоқыс жинаумен ғана емес аулаларды жайлы және көзтартарлық етіп, әсемдеуге жігерлендіретін қозғалыс. Осы ретте Бородулиха ауданының Ивановка ауылындағы отбасын үлгі еткіміз келеді. Аулалары ауылдағы «Үздік үй» байқауында жеңімпаз атанды. Округтің ең әдемі ауласының иесі Галина Александровнамен кездестік.

Ауылға келген қонақтың бұл көрікті ауланы байқамауы мүмкін емес. Жасыл-желегі, гүлдері, диірмені, тіпті шағын субұрқаққа дейін жасап қойған. Әдемі көрініс маңдай термен келген еңбектің нәтижесі. Тазалыққа жаны құштар Галина Арифтің бұл ауылда тұрғанына 27 жыл болған. Ол жұбайымен бірге аулаларын ертегі әлеміне айналдырды.

ГАЛИНА АРИФ ИВАНОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Біз мұны өз қолымызбен жасадық. Міне, мен бұл бақаларды цемент пен құмнан дайындадым. Сондай-ақ, кірпі, есек, бәрін жалықпай өзіміз жасадық. Осы бұғылар, диірмен және құдық жолдасымның қолынан шықты. Ал бұл сарқырама күннен қуат алады. Қазір күн сіулесі азайған соң тоқтап тұр. Осылайша біз бәрін өз қолымызбен еңбектеніп жасаймыз.

Байқауды өткізу идеясы Новодворов ауылдық округінің әкімі Еркежан Маутқазиноваға тиесілі. Оның айтуынша, "Таза Қазақстан" акциясы ауыл тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Байқау туралы ақпарат ауылдың WhatsApp-чатында және округтің Instagram-парақшасында жарияланды. Оған төрт ауыл қатысып, 15 үй жеңімпаз ретінде іріктелген.

ЕРКЕЖАН МАУЫТҚАЗИНОВА НОВОДВОРОВСК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Бұл конкурс бізде ауылдың ауласын таза ұстау және үйдегі қашаларды бояу, гүл егуге бағытталған. Сондай-ақ қазір өзі конкурске қатысып отырған Иванковка ауылының тұрғындары өздері мүсін жасап, цементтан оны бояп, оған қарау және былтырғы жылдан қарағанда, биылғы жылы көп жеңілпаздар анықталды. Үлгілі үй конкурсында бізде ардагерлер кеңесі бар. Оның бес мүшесі бар. Ол кісілер өздері ауылдары аралаймыз, өзіміз комиссия ретінде. Сосын олар өзара кімге 1,2,3 орын анықтайды. Гүлді үй деген сияқты, өте таза үй деген сияқты, сондай номинация беріп, біз барлық жүрдегерлерді, биыл мысалы 15 жүлдегерлерді сыйлықтармен марапаттадық.

Ауылдағы көрікті аула байқауы талайды шабыттандырды. Галина Александровна айтқандай, көршілер де қызыға іске кіріскен. Тұрғындар өз аулаларын қадағалап, гүлдер отырғызып, сәндік элементтер орнатты. Ивановка ауылында 1200 адам тұрады.

ГАЛИНА АРИФ ИВАНОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бұл байқау болмай тұрып та мен әрқашан аулама гүл отырғыздым, енді байқаудың өткені тіптен жақсы болды. Бәрін өзіміз үшін жасаймыз ғой. Біз осында демалып, тынығамыз. Таңертең аулаға шыққанда жаңбырдан кейінгі хош иіс тіпті керемет болады. Біз күн сәулесінен қуатталатын және түнде жанатын шамдарды алдық. Көршілер де өздеріне орнатты. Енді біз қыста да ауланы әдемі етіп абаттандыруға тырысамыз. Қардан тамаша мүсіндер жасаймыз.

"Таза Қазақстан" акциясы және "Үздік үй" байқауы сияқты бастамалар тұрғындарға тазалыққа қамқорлық жасап қана қоймай, өз үйі мен ауылы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Ивановка ауылы тұрғынының еңбекқорлығы, өз ауласына, ауылына деген құрметі тазалық әр ауладан басталатынына үлгі.

Нұргүл Садықова