1934 жылы іске қосылған бірінші жылу орталығы бүгінде қаланың энергетикалық инфрақұрылымындағы ең маңызды нысандардың бірі. Осы жылдар ішінде мұнда бірнеше буынның жоғары білікті мамандары еңбек етіп, мыңдаған үйді жылумен қамтуға үлес қосты. Бүгінде де жылу орталығында өз ісіне адал, тәжірибелі мамандар жұмысын жалғастыруда. Солардың бірі – Рафик Мингалеев.
Рафик Мингалеев жылу орталығына алғаш рет 1997 жылы келіп, еңбек жолын қазандық жабдығы бойынша машинист қызметінен бастады. Уақыт өте келе кәсіби шеберлігін арттырып, бүгінде аға машинист қызметін атқарады. Ол қала тұрғындарпының жаурамауына жауапты маман.
РАФИК МИНГАЛЕЕВ, АҒА МАШИНИСТ
"Біздің міндетіміз – қазан агрегатының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Бұл жұмыс – қызықты әрі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Маған өз жұмысым ұнайды. Біз жұмыс істейтін жерде бу қазандығы бар. Ол бу турбинаға жіберіледі, турбина арқылы электр қуаты өндіріледі. Сондай-ақ, қаланы жылумен қамтамасыз ететін су қыздырғыш қазандықтар бар. Сол жағалау толығымен бізге қарайды. Жылу мен ыстық су – біздің қолымызда деуге болады."
Рафик Мингалеев тек жабдықтың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, жас мамандарға да бағыт-бағдар беріп, тәжірибесімен бөлісіп отырады. Ол үнемі біліктілігін арттырып, жаңа тәсілдерді меңгереді. Оның кәсібилігі мен еңбекқорлығы ұжымда зор құрметке ие.
АЛМАС ҚҰСҚЕНОВ, 1 ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
"Рафик Сайтханович бізде 30 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Мұндай еңбекқор, жауапкершілігі жоғары, өз ісіне адал адамдар біздің ұжымның мақтанышы."
Рафик Сайтханович үшін бұл мамандық – жай ғана жұмыс емес, өмірлік миссиясы деп біледі. Оның жұмысына деген жауапкершілігі өте жоғары. Өйткені жылу орталығының үздіксіз жұмысы – мыңдаған тұрғынның жайлылығына тікелей байланысты.
РАФИК МИНГАЛЕЕВ, АҒА МАШИНИСТ
"Менің жұбайым – дәрігер. Ол адам өмірі үшін жауап береді. Біз де солай, адам өмірі үшін жауаптымыз деп айтуға болады. Әсіресе қыс мезгілінде қазандықтардың үздіксіз жұмыс істеуі – өте маңызды."
Рафик Мингалеев сынды мамандар – өндірістің тірегі. Олар өз кәсібіне адал болып, үйлерімізге жылу жеткізіп келеді.
НҰРГҮЛ САДЫҚОВА