Биылғы жылы Аягөздегі жылу көздері жаңартылып, жаңа маусымға дайындық қарқынды жүрді. Аймақ басшысы Берік Уәли «Орталық» қазандығында атқарылған жұмыстардың барысымен танысты.

Бұл жылу қазандығы 64 көппәтерлі тұрғын үйді, 2 әлеуметтік нысанды, 5 бюджеттік ұйымды және 183 коммерциялық кәсіпорынды жылумен қамтамасыз етеді. Жалпы 1678 нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Биыл оның қуатын арттыруға көңіл бөлінді. Ондағы №3 қазандықтағы күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Жылу нысаны 22 қыркүйектен бастап жылу бере бастады. Ал №2 қазандықтағы жөндеу жұмыстарының бүгінгі күні 90% аяқталды. Ол 15 қазанда іске қосылмақ.

АНДРЕЙ САЧКОВ ҚАЗАНДЫҚ БАСШЫСЫ
 Қазандық жөнделіп жатыр. Қуатты 22 Гкал-ға дейін арттыру үшін жаңа қазандықтар орнатылуда. Яғни, жылу бұрынғыдан үш есе артады, бұл қазандық Аягөз қаласының басым бөлігін жылумен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта бізге 1926 абонент қосылған.

Жөндеу барысында үш қазандықтың негізгі агрегаттары ауыстырды, автоматика және қауіпсіздік жүйелері жаңғыртылып жатыр. Бұдан басқа, мониторинг және бақылау жүйесі орнатылады. Қазандық қуаты молайғандықтан бұл жылу көзіне басқа да тұрғын үйлерді және жаңа бизнес нысандарын қосуға болады.

БЕРІК УӘЛИ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Үлкен жұмыс атқарылды. Барлығы ауыстырылды. Себебі ескі қазандықтар шағын, қуаты аз болды. Енді "Орталық" қазандықтың қуаты үш есеге артты. Мұндай ауқымды жұмыс Аягөзде бұрынғы мауысымда болмаған. Үлкен жұмыс жасалды биыл.

Аймақ басшысы Аягөз қаласының жылу желілерінде жүргізіліп жатқан ағымдағы жұмыстармен танысты. Жоба аясында талай жыл қызмет етіп, ескіріп тұрған 5,2 шақырым қалаішілік жылу құбырларын ауыстыру жоспарлануда.


НҰРГҮЛ САДЫҚОВА