Аягөз қаласында жылу беру маусымы 1 қазанда басталды. Алдымен әлеуметтік нысандар, одан кейін тұрғын үйлер жылуға қосылды. Жылу берілген алғашқы күндері Ақтамберді көшесіндегі 26 және 28-үй тұрғындары жылу құбырындағы айналымның нашарлығын айтып, шағымданған еді. Мамандардың айтуынша, бұл батареяларда қалған ауадан болған. Қазір облыстан арнайы келген мамандар мәселені анықтап, жылу жүйесінің гидравликалық режимін қалпына келтірді. Бүгінде аталған үйлерде жылу бар

Қазіргі уақытта қаладағы 7 қазандық арқылы барлығы 515 нысан жылумен қамтылды. Оның ішінде 200-ден астам көпқабатты және жер үйлер, 17 әлеуметтік нысан мен 241 коммерциялық ғимарат бар.


АМАНГЕЛДІ ШАБАТОВ АЯГӨЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

«26 үй тұрғынымын. Бізге жылу берді 006+0010 зам аким области келі. Қала әкімі келді. Ішке үйге кіріп бәрін тексерді, қасында специалистер бар, үйде 20 градус жақсы жылы»

КЕНЖЕХАН ЖҰМАДІЛОВА АЯГӨЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Үйіміз жылы,батареямыз ыстық. Күні бойы үйдеміз, біз пенсионерміз. Пенсионер болған соң үйдің жылуын жақсы көреміз. Үйіміз жылы, аяқ-қолымыз әйбат жылып тұрады. Балаларға рақмет, әкиматтың жылу жүйелерінің балаларына көп рақмет. Үйіміз өте жылы.

Жылу қаладағы мектептер мен балабақшаларға толықтай қосылды. Мекемелерде температуралық режим санитарлық талаптарға толық сәйкес келеді.

ЖАНАР СЕЙТЖАППАРОВА БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ

Қазіргі уақытта балабақша штаттық режимде өз жұмысын жалғастырып отыр. Топ бөлмелері санитарлық нормаларға сай температуралық режим 21-24-25-ті көрсетіп тұр.

Жылу беру маусымының барысы аудан әкімінің бақылауында. Қазіргі жағдай тұрақты.

ДАНИЯР ШӘКӘРІМОВ АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Біздегі ақтамберді көшесінде орналасқан 26,28-ші үй және балабақша бойынша температуралары нормативке байланысты сақталуда. Бүгінгі ауа температурасы 5 градус. Үйлерге және балабақшаларға келіп тұрған 48 келіп тұр.(скл) Аягөз қаласында қазір жылу жүйесі толығымен штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Аягөздегі жылу көздері жаз бойы жаңартылды. Оған мемлекет қазынасынан қажетті қаржы бағытталды.

СЕРІК ТӨЛЕНБЕРГЕНОВ, АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жалпы, республикадан 1,4 млрд. Облыстық бюджеттен 600 млн бөлінген. Осы қаражатқа қазандықтар ауыстырылып, желілерді қосу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда, гидравликалық регулировка мен барлық желілерде жұмыс істеліп жатыр.

КСМ: Кей тұрғын үйдегі гидравликалық жұмыстар реттеліп, дер кезінде шешімін тапты. Барлық әлеуметтік нысандарда, тұрғын үйлерде қазір жылу бар. Аягөз қаласында жылу беру маусымы ойдағыдай өтіп жатыр.

 ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ