Абай облысының әкімдігі мен облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірлесіп «Абай облысы – лудоманиясыз аймақ» атты облыстық форум ұйымдастырды. Бас қосу құмар ойындарының зияны туралы ақпараттандыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналды.

Форум аясында экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары тұрғындарды құмар ойындарына қатысты құқықтық және әлеуметтік мәселелер туралы ақпараттандырды. «Суреттер», «Өлеңдер мен ұрандар», «Көркем сөз оқу шеберлері», «Эссе/блог-пост», «Фотобайқау» сияқты бірнеше аталымдар бойынша жеңімпаздар марапатталды.

ЕРЖАН БӨЛЕГЕНОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Байқау қаржылық сауаттылықты білуге арналған 8 түрлі бағыт бойынша өтті. Мұнда, сіздер көріп отырғандарыңыздай, балалар да, ересектер де әртүрлі салаларда және IT технологиясы, медицина, бойынша қатысып, осы мәселеге өз көзқарастарын көрсетті. Бұл тақырып өмірлік, отбасылық құндылықтарға әсер етеді. Лудоманияның бүгінгі проблемасы-үлкен қасірет.

Облыстық форумға қатысқан облыс әкімі Берік Уәли жиынның аса өзекті мәселеге арналғанын атап өтіп, қауіпті кеселге жол бермеуге атсалысып келе жатқан Абай облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне алғысын жеткізді. Департамент қызметкерлері оқу орындарымен, жастармен тығыз байланыста жұмыс істеп, жат әдеттен сақтандыруда.

БЕРІК УӘЛИ – АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ұрпақты жаман әдеттен қорғау, жастардың санасын дұрыс қалыптастыру, қоғамға сергек көзқараспен қарау, осы дерттен құтылу – басты мақсатымыз осы. Және де біз «Лудоманиясыз Абай облысы» деген ұранмен басқа өңірлерге үлгі болуымыз керек.

Облыс әкімі Президенттің Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтқанына тоқталды. Мемлекет басшысы «Шын мәнінде озық ұлт болу үшін жақсылыққа ұмтылумен қатар, еліміздің өсіп-өркендеуіне кедергі болатын жаман әдет, Бұл – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы өте маңызды қадам» деп айтқан болатын. Лудомания – Президент атап өткен бес кеселдің бірі. Жастарды жақсы істерге бағыттауға ақсақалдар да үлес қосуда.

МҰРАТ АЛИН – АБАЙ ОБЛЫСЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 01:22 Ардагерлер кеңесі, үлкен адамдар өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу саласында жұмыстар жүргізіп те келеді, жүргізе де береді. Соңғы жылдары облысымызда өріс алып кеткен лудоманияны Ұлы Абайдың өзі айтып кеткен «жағымсыз нәрседен қашық бол», деп. Нағыз қашық болатын дүние – осы лудомания деп білемін.

Лудомания ғасырдың дертіне айналды. Интернет-сайттар мен онлайн платформалар арқылы құмар ойындарға оңай қол жеткізу адамды орға жығады. Сондықтан жас ұрпаққа жеңіл ақша табудың зиянын түсіндіру маңызды.

СҰЛТАН ЖОЛАМАНОВ