Елімзде мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдық өңірлердің тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жалғасуда. Бастама үш негізгі бағытты қамтиды. Ол ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету, ауыл тұрғындарына шұғыл көмек көрсету және ауылдық денсаулық сақтау нысандарының кадрлық әлеуетін нығайту. Жоба Абай облысында да қарқын алған. Бұл жайлы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте белгілі болды.

Ұлттық пилоттық жоба аясында Абай облысында 65 жаңа алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанының құрылысы жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 62 нысан үш үлгілік жоба бойынша салынған. Оған медициналық, фельдшерлік-акушерлік пунктілер және дәрігерлік амбулаториялар кіреді.

ТАЛҒАТ МОЛДАБЕКОВ, АБАЙ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Барлық аудандарды қамтиды. Жаңадан салынатын объектілер ол: дәрігерлік амбулатория – 15 нысан, фельдшерлік-акушерлік пунктілер – 10 нысан, және медициналық пунктілер – 40 нысан.

Биыл облыста жалпы құны 7,8 млрд теңгені құрайтын 8 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның алғашқы легі аяқталып қойған, қолданысқа беруге әзір. Мәселен, Аягөзде аудандық көпсалалы орталық аурухана жанында 10 төсекке арналған реанимациялық бөлімше бой көтерді. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, биыл мамыр айында аяқталған. Нысанның құрылысына 1 жарым милионнан аса қаражат жұмсалды.

ТАЛҒАТ МОЛДАБЕКОВ, АБАЙ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жоба бітті. Қазір қабылдау шаралары өтіп жатыр.

Жақында қолданысқа берілетін медициналық мекемелердің бірі Үржар ауданында салынып жатыр. 50 келушіге арналған, 10 төсектік күндізгі стационары бар дәрігерлік амбулатория құрылысына жалпы алғанда 612 млн теңге жұмсалмақ. Қазір ішкі әрлеу және жылыту жүйесін қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ТАЛҒАТ МОЛДАБЕКОВ, АБАЙ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Үржардың ауруханасында құрылыс жұмыстары басталған. Қазір нысан салынатын аумақ белгіленіп, бірінші этаптың жұмыстары басталды.

Айтып өтетін жайт, соңғы екі жылда өңірдегі 25 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өткен. Жыл соңына дейін тағы 16 нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Оған 2 жарым млрд теңгеге жуық қаражат бөлінбек.

ЕРАСЫЛ КЕНЖЕБЕК