ЖЕР АНАНЫҢ ҚАДІРІН БІЛЕТІН ЖАН

Көкпекті ауданында үлкен шаруа қожалығын нәзік жан иесі басқарады. Ол еңбек, табандылық және жер қадірін біле отырып, шаруашылықты аудандағы алдыңғы қатарға шығарып отыр. «Рустам» шаруа қожалығының жетекшісі Индира Дүйсенбаева отағасының ісін табысты жалғастырып, көпке үлгі болуда.

Индира Дүйсенбаева – өз ісіне деген жауапкершілік, сүйіспеншілікпен ең қиын кезеңде табысқа жетуге мүмкіндік беретінін әйелдердің бірегей үлгісі. Ол - Көкпекті ауданы, Ақой ауылындағы «Рустам» атты ірі шаруашылықты табысты басқарып жүр. Индира Дүйсенбаева өз күш-жігерімен үлкен ұжымды ұйытып, шаруашылықты алға жетелеп келеді. 2020 жылы отағасы өмірден озғаннан кейін, ол тек ісін сақтап қана қоймай, оны жаңа деңгейге көтерді.

ИНДИРА ДҮЙСЕНБАЕВА, «РУСТАМ» ШҚ ЖЕТЕКШІСІ

2006 жылы ол бұл шаруашылықты ашқанда, менің тарапымнан тек моральдық қолдау қажет болды. Көптеген адамдар келді. Айтқандай, менің міндетім отағасымен келген мейманды дұрыс қарсы алу болатын. Қалғанына мен араласпадым

Бүгінде «Рустам» шаруашылығы тек тұрақты жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар дамып келеді. Негізгі бағыттары — ірі қара мал, жылқы мен қой өсіру, сондай-ақ жем-шөп дайындау. 5 мың гектар жерге егіс егіледі. Өндірістік өнімділікті арттыру үшін жаңа техника сатып алынып, жерді өңдеу және мал күтімі бойынша заманауи әдістер енгізілуде.

СОВЕТБЕК НЕСІПБАЕВ, МЕХАНИЗАТОР

Жаңа техника сатып алынды. Екі жаңа К 700 келді, комбайн келді. Өте көп еңбек етуде. Оған ауыр, үнемі жүріп-тұру керек. Отбасын сирек көреді. Үнемі осында болады. Бірақ қажет болса, барады. Әйел затына оңай емес.

Қазір шаруашылықта шамамен 100 қызметкер еңбек етеді. Тәжірибелі мамандармен қатар жұмыс істейтін Индира Дүйсенбаева «еңбексүйгіштік пен кәсібилік тоқтаусыз жұмыстың кепілі», - дейді. Бұл оның өмірлік ұстанымына айналғандай. Ұжымнан да қолдау бар.

ҚАЙРАТ БАЙСЫБОВ, КОМБАЙН ЖҮРГІЗУШІСІ

Индира келгеннен бері алатын өніміміз екі есе көбейде деуге болады. Әйел адамы барлығын түсінеді ғой. Отбасы тұрғысынан болсын, тағы басқасы. Түсінгі мол болады. Енді комбайн сынбай тұрмайды. Сұраған кезде қажетін алып келеді. Артық сөз болмайды.

Аудандағы ауыл шаруашылығын дамытуға сүбелі үлес қосқаны үшін Индира Дүйсенбаева «Толағай табыстары» медалімен, аудан әкімі алғыс хатымен марапатталды. Еңбекке адал жанның үлгісі туған жерге деген сүйіспеншілік пен өз ісіне деген сенім кез келген сынақтарға төтеп бере алатынын дәлелдеді. Әрбір жетістік еңбек, төзімділік пен сенімнен туады. Міне, осы қасиеттер Индира Дүйсенбаеваға жұбайымен бастаған жолды жалғастыруға жігерлендірген.

ЕРАСЫЛ КЕНЖЕБЕК