5511 ӘСКЕРИ БӨЛІМ 30 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕДІ
Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясы 5511 әскери бөліміне 30 жыл толды. Осы жылдар ішінде әскери бөлім өзін тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызды буын ретінде көрсетті. Атаулы күнге орай Абай атындағы театрда мерекелік шара өтті.
+СЮЖЕТ///5511///МАЛИКА
Мерейтойда өңірлік басшылық, әскери қызметкерлер,жұмыс атқарып жүрген жеке құрам,сондай-ақ шақырылған қонақтар болды. Іс-шара ұрпақтар бірлігініне, әскери дәстүрлерге адалдықтың символына айналды.
СНХ 579 АЛЕКСАНДР ГЕТА – 5511 ӘСКЕРИ БӨЛІМНІҢ БІРІНШІ КОМАНДИРІ
00:06 30 жыл деген керемет тарихи жағдай. Алғаш құрылған кезде қиыншылықтар болды. Қазақстан егеменді Мемлекет болғаннан кейін сол әскери бөлімді құру тапсырылды. Министрдің атынан мен тағайындалып, 95 - 97 жылға дейін әскери батальоннан әскери полкке дейін жеткіздік. 0:40 +++02:21 Әрбір әскер, әрбір сарбаздың орны бөлек. Сондықтан отанымыздың қасиеті ол ең бірінші елімізді қорғау, халқымызды қорғау. 02:33
Мерекелік бағдарлама барысында ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге мадақтамалар мен алғыс хаттар табыс етілді, сондай-ақ бөлім құрылуының басында тұрған ардагерлерге алғыс айтылды. Әскери бөлім командирі отыз жылдың ішінде жеке құрам алға қойылған міндеттерді лайықты орындап, мемлекеттің құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқанын атап өтті.
СНХ 523 АЙБЕК ИСЕНОВ 5511 ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІ
00:51 өткен үш онжылдықта талаптар мен ниеттердің, сынақтар мен жетістіктердің уақыты болды. Әрбір командир, әрбір әскери қызметші бөлімнің дамуына, тәртіп пен жауынгерлік рухты нығайтуға өз үлесін қосты. Олардың жанқиярлығының арқасында бүгінде 5511 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскерлерінің арсеналында лайықты орын алады. 01:15
5511 әскери бөлімі әскери оркестрінің, Ұлттық ұлан ансамблі мен әскери қызметшілердің мәдени бағдарламасы мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлады.
НХ 581 ЖАНДОС ЖОЛДЫҚАНОВ 5511 ӘСКЕРИ БӨЛІМНІҢ ДИРИЖЕРІ
00:44 Абай облысы Семей қаласында барлық іс-шараларында қызметімізді атқарамыз. Біздің ең бірінші міндетіміз, Семей өнерін дәріптеу. Әскери оркестрдің өнерін дәріптеу болып табылады. 01:01 ++++ 01:20 Барлық 5511 ә/б жеке құрамын шын жүректен құттықтаймын, құттықтай отыра отбасыларына амандық, дендеріне саулық, жұмыстарына табыс, береке тілеймін. 01:30
Мерейтой 30 жылғы жұмысты қорытындылап, әскери қызметті одан әрі жетілдіруге, тәртіп пен жауынгерлікті күшейтуге ынталандыра түсті.
МАЛИКА МҰХТАРОВА, АЙГЕРИМ МҰХАН, ЗЕЙНЕП АМАНҒАЗЫ, «СЕМЕЙ»ТЕЛЕАРНАСЫ