Қызылорда қаласында Абай облысының мәдениет күндері өтуде. Облыс әкімі Берік Уәли бастаған делегация құрамында халық қалаулылары, аймақ ардагерлері, зиялы қауым өкілдері және Абай атындағы драма театр ұжымы бар. Облыс делегациясы Қызылорда қаласындағы өнер орталығында егін жинау науқанының аяқталуына және жаз бойы еңбек еткен шаруаларға құрмет көрсетуге арналған «Алтын күз – 2025» салтанатты шарасына қатысты. Шара барысында сөз сөйлеген аймақ басшысы Берік Уәли Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, «Абайға құрмет» акциясы аясында Семейде «Анаға тағзым» орталығын салып беретіні үшін ризашылығын жеткізді. Қос облыстың тарихи үндестігі мен рухани сабақтастығын, ел дамуына қосқан ортақ үлесін атап өтті. Ақмешіт жұртына Абай елінің ақеден тілегін жеткізді.