Республикалық маңызы бар «Омбы - Майқапшағай» автомобиль жолының 915 – 1321 шақырым бөлігінде көлік қозғалысы салтанатты түрде ашылды. Аталған тас жол Ресей мен көршілес Қытайды байланыстыратын транзиттік дәліз. Оған қоса Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының бірнеше ауданын орталықпен жалғайды. Ондағы жаңғырту жұмыстары жеті жыл бұрын басталып, ұзаққа созылған болатын. Көптен күттірген күрежол құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді.