Семейде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Таза ауа» акциясы бастау алды. Негізгі мақсат – автокөліктерден шығатын зиянды заттардың деңгейін бақылау. Бастама аясында облыстық Экология департаментінің мамандары тәртіп сақшыларының көмегімен көліктерді тоқтатып, ауаға шығарылатын ластаушы заттардың мөлшерін тексерді. Рейд барысында дизель отынын тұтынатын 20 көлік тоқтатылып, оның бесеуінде зиянды заттардың шамадан тыс көп екені анықталған. Енді оларға полиция қызметкерлері арнайы хаттама толтырады.