Семейде жасанды интеллекттің мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың ақпараттық саладағы жұмысын қалай жеңілдететіні талқыланды. Семинар барысында сарапшылар технологиялардың күнделікті міндеттерді орындауды жеңілдетіп, уақыт үнемдеуге және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға қалай көмектесетінін айтты. Талқылауға мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, журналистер мен баспасөз қызметкерлері қатысты. Сарапшы жасанды интеллект – бұл құжат айналымынан бастап халықпен байланысқа дейін барлық салада қолдануға болатын нақты құрал екенін атап өтті. Зияткерлік жүйелерді енгізу арқылы күнделікті жұмысты автоматтандырып, қызметкерлердің жүктемесін азайтуға және үлкен көлемдегі деректерді өңдеуде көмекке келеді. Семинарда жасанды интеллекті қолдану кезінде қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мамандар алгоритмдердің ашықтығы, жеке деректердің қорғалуы және жалған ақпараттың таралуының алдын алу маңызды екенін атап өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары мұндай кездесулер тұрақты өтіп тұрады деген үміт білдіріп, жаңа технологияларды талқылау жасанды интеллекттің әртүрлі қоғамдық салаларға тез әрі қауіпсіз енгізілуіне ықпал етеді деп сенеді