Өртенген орманды қалпына келтіру оңай емес. Ол үшін білім мен шеберлік керек. «Семей орманы» резерватының қызметкерлері «Орман ресурстары және аңшылық» мамандығында оқитын студенттерге дәріс оқыды. Негізгі тақырып – орман өрттерімен күрес және орманды қалпына келтірудің заманауи тәсілдері.