Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағаш отырғызу және еліміздің орман қорын ұлғайту тапсырмасы бойынша жүйелі жұмыс Абай облысында да жалғасып келеді.
Осылайша, бүгін Семейде мемлекеттік орман тұқымбағы ашылды. Игі бастама «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясы аясында қолға алынған.