2025 жылдың 24 мамырына дейін тұрғын үй кезегіне өтініш берген азаматтар жеке мәліметтерін жаңарту үшін orken.kz сайтына кіруі қажет.

Бұл шара тұрғындардың деректерін нақтылау және жүйедегі қайталанған деректерді жою үшін керек. Себебі kezekte.kz платформасында бір азаматтың атына бірнеше аккаунт тіркелген жағдайлар анықталған.

Бұл туралы «Отбасы банк» мамандары өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.