«Қазақстан жерінде». Осындай тақырыппен Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде көрме ұйымдастырылды. Көрме Республика күніне және Евгений Сидоркиннің 95 жылдығына арналды. Еліміздегі графика мектебінің жарқын өкілі Евгений Сидоркиннің туындылары негізінен қазақ ұлтының боямасыз болмысын айшықтай түседі. Көрмені де мерейлі мереке қарсаңында ұйымдастырудағы мәнісі осында.