Биылғы көктем елдің бірқатар өңір тұрғындарын есеңгіретті. Тасқын судың әкелген залалы көп. Қиындықты еңсеруге ел болып жұмылып, қамқор ағайын жан жақтан көмек қолын созып жатыр. Абай облысы да ізгі істен шет қалмады. Өңірдегі кәсіпорындар 15 вагон құрылыс материалдарын жөнелткен. Оған қоса облыстың атынан 60 тонна азық-түлік жіберілді. Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жіберуге облысымыздағы барлық ауданы атсалысқан. Әсіресе Үржар ауданының жастарын атап өткен жөн. Аудан жастары мен тұрғындары жиналып 24 тонна гуманитарлық көмек жолдады.
НҰРЖАН ӘБДІКӘРІМОВ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ
Алғысымызды барлық аудандарға айтамыз. Бірінші кезекте Үржар ауданына. Осы көмекке 24 тонна заттар жіберелсе, мына Семей қаласынан ерекше атап өту керек. Кәсіпкерлеріміз, облыстық мәслихат, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлік палата, Достық үйі бәрі атсалысып бүгінгі жүкті Солтүстік Қазақстанға жіберетін боламыз.
Ал өңірдегі кәсіпкерлер, еріктілер мен қоғамдық ұйымдар жинаған 15 тоннаға жуық жүк Солтүстік Қазақстандағы су басқан елді-мекендерге бағытталды. Тосыннан болған табиғи апатта үйлерін су басып, күйісі кеткен тұрғындарға қолдау көрсету қауіп толықтай сейілгенше толласыз жалғасы береді.
АНЖЕЛА МАСЛОВА АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Бұл игі іске қала тұрғындары депутаттық корпус, жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысты. Барлық жанашыр азаматтар жиналып бірікті. Тұрғындар резеңке етік, қайық әкеліп қабылдау пінкттеріне тапсырып жатыр. Әр адам қолынан келгенше көмек көрсетуде. Осындай кезеңде береке бірлігімізді көрсетуіміз керек. Өйткені кез-келген қиындықты біз бірге жеңеміз.
Жастар мен волонтерлер игі істің қасынан табылды. Жастар көмек жинап, оны тиеу үшін күні-түні тынбай еңбек етуде. Абай облысынан жіберілген кезекті гуманитарлық көмек Солтүстік Қазақстан облысына барады. Өңірдегі қабылдау пункттері жағдай тұрақталғанша жұмыс жасап тұрады.
РҮСТЕМ ҚАЙРАТҰЛЫ