«SEMEI» телеарнасы биыл үшінші жыл қадір түнінде тікелей эфирде хабар таратты. Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешіттен репортаж беріліп, студиядағы қонақтар тікелей эфирде берекелі түннің қасиетіне тоқталды.

Мың айдан да қайырлы Қасиетті Қадір түнінде Абай облыстық телеарнасында жұмыс қайнап жатты. Кешкі сағат 22:00 ден басталған тікелей эфир бірнеше сағатқа жалғасты. Тікелей эфир «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешіттен басталып, семейліктердің Қадір түніне арналған құттықтауларымен ашылды. Эфир барысында студияға жиналған қадірлі қонақтар қасиетті түннің ерекшелігін талдап, дәстүр, ұлттық тәрбие туралы ойларын ортаға салды.

МАҚСАТ ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ ТЫНЫБАЙ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ
Құранда Қадыр сүресі бар. Сол сүреде анығында біз құранды Қадыр түнінде түсірдік.Оның қай түн екенін білесің ба? Дейді. Ол мың айдан да қайырлы дейді. Мың ай дегеніміз қарасаңыз қазір 83 жыл 4 ай. Адам баласының 83 жыл 4 ай құлшылық етуге шамасы да келмейді. Оның мүмкіншілігі де жоқ. Алла тағала бір түнде егер адам баласы оразасын ұстап, құлшылық етіп осы түнді таң атқанға дейін ғибадатпен өткізетін болса оған мың ай құлшылық еткен адамның сауабы нәсіп етіледі

Студия қонақтары дастархан басында салиқалы әңгіме құрды. Онда мейірімділік пен ізгілікке шақыратын Рамазан айының қасиеті жайлы айтылды.

БАЙБАТЫР ШЫҢҒЫСБЕКҰЛЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚҰРАН СЕКТОРЫНА ЖАУАПТЫ МАМАН
Бұл өтое жақсы іс-әрекет. Өйткені осы арқылы біз халыққа дінді жақсы жағынан көрсетіп, яғни қалай жастарымыздың имандылыққа бет бұрып жатқанын көрсете аламыз. Сондықтан ақпарат саласына алғысымды білдіремін. Журналистерімізге бауырларымызға көптен көп рақмет өйткені осы дінімзді жақсы жағынан жеткізуде үлкен рөл атқарып, қызмет жасап жатыр. Алла разы болсын.

Семей телеарнасы осылай биыл үшінші жыл Қадір түнін тікелей эфирде өткізді. Көрерменге төрт сағат бойы ғибратқа толы ақпарат берілді.

Рүстем Қайратұлы