Қазіргі таңда облысымызда ұлттық спорт қарқынды дамып жатыр деуге толық негіз бар. Әсіресе асық ойындары, тоғызқұмалақ, садақ ату, қазақ күресі, аударыспақ және көкпар сынды ұлттық спорт түрлері жандана түсуде. Бүгінде қазақтың төл ойындары жастарды тәрбиелеуде үлкен маңызға ие болып отыр.
Бүгінде облысымызда ұлттық спорт түрлерін дамытуға үлес қосып отырған спорт клубтары мен үйірмелер жұмыс істейді. Ұлттық спорт түрлеріне де қызыуғышылар аз емес. Спортшылардың көбі қазақ күресіне бейім. Өңірлік спорт клубы директорының айтуынша, оған себеп болған «Қазақстан барысы» жобасы.
БОЛАТ АҚЖІГІТОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ АТ СПОРТЫ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Енді ұлттық деген сөздің өзі айтып тұрғандай. Негізгі ең бірінші мақсат баланың бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Салауатты өмір салтын насихаттап, болашақта елін, жерін қорғайтын кемел тұлға қалыптастыру. Көбінесе, ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық қазақ күресіне. Оған негізгі себепкер болған «Қазақстан барысы» жобасы. Сол жобаның негізгі мақсаты ауыл балаларының арасында мықтыларды анықтауға арналған жоба болатын. Бұл жоба өз мақсатына жеттті. Бүгінгі таңда көптеген жастар «Қазақ барыстары» Айбек пен Мұхиттай боламын деген оймен қазақ күресіне келіп қатысады.
Жастар арасында қызығушылық дәстүрлі садақ ату спортына да байқалады. Облыста Алаш мергендері садақ ату клубы құрылып, республикалық, аймақтық додаларда өңір намысын қорғап жүр. Облыс садақшыларының арасында енді ғана үйреніп жүрген жас спортшы Айзере Әділбекова бар. Жасы 14-те. Спортқа жақын. Садақ атумен бірге бокспен айналысады. Ол бұл спорт түрі ерекше әсер сыйлайды деп санайды.
АЙЗЕРЕ ӘДІЛБЕКОВА – ОҚУШЫ
Садақ атуды Алакөлден көргенмін және атқан кезде маған көздеген ұнады. Осы Семейде бар екенін Инстаграмнан көрдім. Осы жерге келген кезде маған адамдары да ұнады.
Ұлттық ойын түрлері балалардың ойлау қабілетін арттыруға, күш, төзімділік пен ептілік кабілеттерін жетілдіруге көп әсерін тигізеді. Олардың бір-біріне деген көзқарасын, құрметі мен ілтипатын нығайтуда үлкен мән- мағынаға ие.
БОЛАТ АҚЖІГІТОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ АТ СПОРТЫ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Асық сияқты ұлттық спорт түрлері енді қарқынды дамуда. Осы жақында бестабан және бесасық ойнынан тұңғыш рет Абай облысының чемпионаты өтті. Бұл ойынның өзі алып қарасақ баланың жаңағы мелкий моторикасы дейді соны дамытады. Бір ойынды ойғана кезде 15 минут бойы тоқтамай мергендікті де, икемділік, шапшаңдық пен төзімділікті дамытатын спорт түрі. Себебі, 15 минут бойы бала тоқтамай шеңбердің бір шетінен екінші шетіне асықтарды дәлдеп атады.
Облысымызда ұлттық спорт түрлерінен түрлі іс- шаралар дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Ал, сол жарыстардан жүлдегер болған спортшыларымыз Республикалық чемпионаттарда облыс намысын асқақтатып жүр.