Семейде боччадан іріктеу жарысы өтті. Қазіргі таңда бұл мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жылдам дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Іріктеуге 18 спортшы қатысып, бақ сынады.

Бочча жарақат алу қауіпі жоқ спорт түрі. Бұл спортпен орталық жүйке жүйесінің зақымдануының ауыр түрлерімен сыртақттанатын және омыртқа жарақаттары бар адамдар да ойнауға болады. Бұл спорт түрінің ерекшелігі де осында. Ойын дәлдікті, жинақылықты, төзімділікті қажет етеді. Тактикалық ойлау қабілеттін дамытады. Абай облысы мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов бочча мүмкіндігі шектеулі жандардың уақытын тиімді өткізуіне қажет спорт ойыны екеніне тоқталды.

ҚУАНЫШ СҮЛЕЙМЕНОВ - АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Біздің облыс бойынша 24 мыңға жуық осындай балаларымыз бар. Бұл балалардың осындай сайысқа келіп жүргені, олардың елмен бірге жүргені дұрыс. Республика бойынша сенат тарапынан қолдау жасалып жатыр. Федерацияны Республика бойынша басқарып отырған сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, әр облыс бойынша маслихат төрағалары. Өз тарабымыздан, депутаттық корпустың атынан, бизнесте жүрген азаматтардың арқасында мұндай сайыстарға қолдау жасауға, бұл балалардың елден қалыспай, бірге жүруіне ат салысып, жұмыс жасаймыз.

Былтыр Кенжехан Баймұратов Қазақстан чемпионатында үшінші орын алып, боччадан жаттықтырушы болып жұмысқа орналасқан. Қазір ол алдағы чемпионаттың жүлдегері атану үшін қызу дайындық үстінде.

КЕНЖЕХАН БАЙМҰРАТОВ БОЧЧА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
2023-те ЧРК-дан үшінші орын алып келдім. Қазіргі уақытта сол жанағы стипендия алып отырмын орталықтан. Енді бәріне үйде отырмай спортқа қатысып, спортпен айналысса деймін. Енді алдымызда келе жатқан Чемпионат Қазақстан болып тұр. Бұйырса жүлделі болып келеміз ой бар. Кубок Казахстанадан алған орындар бар. 1,2,3 орындар бар. Қазір спортшым бар, Финляндияға осы тақауда барады.

Байқауға жиыны 18 спортшы қатысты. Оның 7-і іріктеуден өтіп, 1-ші орынға ие болды. Жеңімпаздар маусым айында Астанада өтетін Чилдрен Паралимпик Геймс инклюзивті фестиваліне қатысады.