23 сәуірде бүкіл әлемде кітаптар мен авторлық құқық күні аталып өтіледі. Осы күн қарсаңында қаламызда алғаш рет "Kitap fest-2024" кітап жәрмеңке-көрмесі өтті. Толығырақ келесі сюжетте.

Іс-шараның басты мақсаты-кітаптарды насихаттау, балалардың оқуға деген қызығушылығын қолдау, сондай-ақ әртүрлі авторлармен танысу. "Kitap fest-2024" ұйымдастырушылары қазіргі жастардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын дамытқысы келеді. Айта кетейік, "Alash Jastary" ұйымы Семей қаласының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп шараны ұйымдастыруға бастама жасаған. Фестиваль облыстық Абай атындағы кітапхананың қолдауымен өтті.

ЭЛЬДАР МАҚСҰТОВ – РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ
Барлықтарыныз білетіндей 23 сәуір Халықаралық кітап және құқық күніне орай арбатта Kitap fest фестивалін, көрмесін, жәрменкесін ұйымдастырып жатырмыз. Аталған мерекелік шараға байланысты жастардың арасындағы қызығушылықыты арттыруға бағытталған. Артық білім кітапта дейді ғой, жастарымыз кітаптан өнеге алып, өздеріне біраза болсын ақпарат алу мақсатында кітап көрмесін ұйымдастырып жатырмыз. Иә, бұл іс-шарада өзімізідң қонақтарымыз бар арнайы шақырған және жастарда ниет білдіріп мектеп оқушылары колледж студенттері жоғару оқу орындарын жатсры келіп тамашалауда.

Кітап көрмесінде Абай облыстық кітапханасының, Орталық қалалық кітапхананың, кітап дүкендерінің, сондай-ақ қаладағы жетекші баспалардың өнімдері ұсынылды. Қоғам қайраткерлері мұндай шаралардың жастарға берері көп дейді.

ЗЕЙНОЛЛА ТОҚАЕВ – ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
 Келешек жастарға бұл өшпес із. Бұл нағыз даңғыл жол деп айтсам еш артықшылығы жоқ. Сондықтанда ұйымдастырушыларға айтарым мында бір рақмет айтқым келіп отыр. Қазір көріп отырмыз әсіресе жастар көп келіпті бұл қуантады.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шараларды болашақта да жалғастыру керек деген пікірде. Рухани шараға жастар қызығушылық танытты.