Темір жол вокзалында сурдо дзюдодан әлем чемпионатынан келген спортшыларымызды осылай қарсы алды. Түркістанда болған чемпионатқа Абай облысынан үш спортшы қатысты. Олардың арасында алтын медаль иеленген Алтынбек Кәкітаев та бар. Ол украиналық әлем чемпионатының жүлдегері Иван Костенко мен сурдо олимпиада чемпионы Альберт Вестерхольтті 66 келіге дейінгі салмақта жеңіп шықты.

АЛТЫНБЕК КӘКІТАЕВ СУРДО ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Тренерларыма рақмет айтамын. Мақсат ага, Мадина апайға, ауылдағы тренерларыма рақмет айтамын. Қарсыластарым мықты болды. Чемпион атандым. Қуаныштымын.

Орынгүл Серікбек Қазақстан құрамасында командалық есепте 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сурдо дзюдодан әлем чемпионатының қола медалін иеленді. Жаттықтырушыларына деген алғысы шексіз.

ОРЫНГҮЛ СЕРІКБЕК СУРДО ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Бізді қарсы алуға келген жандарға алғыс айтамын. Әлем чемпионатына шынықтырған жаттықтырушыларымызға рақмет. Өте қуаныштымын, бәріне рақмет.

Бапкерлердің айтуынша, бәсекелестік үлкен болды. Мықты спортшылар өнер көрсетті. Бірақ соған қарамастан, біздің жерлестеріміз боз кілемде лайықты өнер көрсетіп, ең жақсы нәтиже көрсетті.

МАҚСАТ КӘКЕНОВ ДЗЮДОДАН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Сурдо дзюдодан әлем чемпионаты мықты деңгейде өтті. Және де осы әлембіршлігінде жеңімпаз болған Кәкітаев Алтынбек оқушымыз Абай облысының намысын қорғап, еліміздің намысын қорғап, биік тұғырдан көріне білді. Алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз оқушымызға
МАДИНА ТОҚТАМЫСОВА АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ПАРА ДЗЮДО БОЙЫНША АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Бұл әлем чемпионатына біз тыңғылықты дайындалдық. Бізді Абай облысының спорт басқармасы, спортты дамыту дирекциясы қолдайды. Алтынбек Кәкітаев жақсы нәтиже көрсетті. Біздің мақсатымыз - 1-ші орын иелену болды. Өйткені бұл қазан айында Иранда өтетін Азия ойындарында өнер көрсетуге мүмкіндік береді, ал 2025 жылы Сурдо олимпиада ойындары өтеді.

Айта кету керек, Қазақстан сурдо дзюдодан әлем чемпионатына алғаш рет қатысуда. Қазақстан құрамасы есту қабілеті нашар спортшылар арасындағы әлем чемпионатының жеке есебінде 3 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Енді жүлдегерлер алдағы Азия және сурдо олимпиада ойындарына әзірлікті бастайды.