Семейде 3-жылу энергия орталығының құрылысы үшін технологиялық құжаттар әзірленуде, оған сәйкес жылу оң жағалауға көпір арқылы жеткізілетін болады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков мәлімдеді. Көптен күткен үшінші жылу энергия орталығы Степной кентінде салынатыны белгілі. Осылайша, сол жағалауда тағы бір жылу орталығы пайда болады. Бұл орайда жылу жетпейтін оң жағалау жылу энергиясымен қалай қамтылатын болады деген сұрақ туындайды. Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, жылу оң жағалауға көпір арқылы тартылатын болады. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Мердігерлік ұйым көпір арқылы диаметрі 1000 мм 4 құбырмен жабдықталған желіні салуды көздейді. Қосымша 2 негізгі және 2 қосымша құбыр тартылады.
ДИМИТРИЙ ГАРИКОВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінгі таңда облыс әкімдігі жылу желілерін салу бойынша техникалық негіздеме мен жобалық сметалық құжаттарды әзірлеуде. Біздің жұмыс істеп тұрған барлық 22 жылу қазандығы жылу пункттерінің жұмыс режиміне ауысады. Олар қазірдің өзінде сорғы-сүзгі станциялары ретінде жұмыс істейтін болады және тиісінше осы құжаттарды дайындағанда оларды жылу сорғы пункттеріне ауыстыру және магистральдық жылу желілерін салу іс-шараларының тізбесі әзірленбек.
Оң жағалаудағы бірінші жылу пункті 103-103А қазандығы болады, жылу ол жерден магистральдық жылу желілері арқылы бүкіл оң жағалауға таралады.
ДИМИТРИЙ ГАРИКОВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Шамамен, сол жағалаудағы екі көпір арасындағы ауданда оң жағалауға өткел салынады, ол шіркеу аймағынан шығады және тікелей бірінші жылу пункті 103-103А қазандығына жетеді. Біріншіден, жылу сол жерге келеді және сол арқылы жұмыс істейтін барлық басқа қазандықтарға таралады. Әзірге схема осындай.
Бұл қаланы жылумен қамтудағы маңызды қадам. Жылдар бойы шешілмей келе жатқан Семейдің жылуын ретке келтіріп, желілерді жаңартуға мүмкіндік бермек. Жаңа орталық жұмыс істей бастағанда оң жағалаудағы жылу күн тәртібінен алынатын болады. Бүгінгі таңда облыс әкімдігі техникалық параметрлер бойынша ұсыныс енгізді, оған сәйкес жаңа ЖЭО-ның электр және жылу қуаты тиісінше 360 МВт және сағатына 1200 Гкалория құрауы тиіс.
НҰРГҮЛ САДЫҚОВА