Назарбаев Зияткерлік мектебі – дарынды балалар білім алатын еліміздегі халықаралық мәртебесі бар мектеп. Онда оқу ауыл мен қаладағы әрбір дарынды шәкірт үшін таптырмас мүмкіндік. Биыл Семей мектебіне алғаш рет «Өркен» білім беру грантына резервтік тізімнен қосымша 54 оқушыға білім гранты берілді. Толығырақ алдағы сюжетте.
Жыл сайын Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алу үшін 6 сынып оқушылары үшін тестілеу өтеді. Іріктеу екі кешенді сынақтан тұрады. Бірінші күні «Математика», «Сандық сипаттамалар», «Жаратылыстану» бөлімдерінен тұратын жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша, екінші күні қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі бойынша тілдік тест өткізіледі. 2023-2024 оқу жылы қарсаңында осы тестілеуді сәтті тапсырған 120 бала ҚР Президентінің «Өркен» білім беру грантына ие болған. Өзге оқушылар резервтік тізімге жазылды. Енді міне, оқу жылының 3-ші тоқсанынан бастап резервтегі 54 балаға да грант беріліп отыр. Семей мектебінде білім алуға іліккен оқушылар қатарында Астана, Алматы қалалары мен Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының тұрғындары бар.
НАРКЕН БУРКЕНОВ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФМБ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгінгі біз жаңа жылдағы алғашқы сабақ күнін жақсы жаңалықпен қарсы алып отырмыз. Себебі, біздің мектепке қосымша «Өркен» білім беру грантынан резервтік тізімнен қосымша 54 оқушыға мүмкіндік беріліп, осы оқу жылының 3-ші тоқсанынан бастап, яғни бүгінгі күннен бастап осы мектепте оқуға, білім грантын алуға барлық мүмкіндіктер беріліп отыр. Қуанышты жаңалықпен жаңа жылымызды бастап отырмыз. Бұл әрине ата-аналардың, оқушылардың еңбегінің ақталуы. Осы оқушылар болашақта біздің мектептің ұсынып отырған барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, өз білімдерін жетілдіреді деген ойдамыз.
Назарбаев зияткерлік мектебі халықаралық білім беру стандарттарына сай. Озық мектепте білім алуды армандайтын оқушылар көп. Резервтік топтан грант алуға мүмкіндік берілген оқушылардың қуанышында шек жоқ.
НҰРДАНА ДУЛАТҚЫЗЫ – 7 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Менің Назарбаев зияткерлік мектебіне түсу мақсатым болашаққа деген мүмкіндіктер көп. Және болашақта жақсы мамандық иелері болуға болады. Өзіме ұнады. Бұл жаққа тапсыруымның себебі 2022 жылы «Жазғы мектеп» жобасы аясында 10 күндікте Назарбаев интеллектуалды мектебінде болдық. Маған өте ұнады. Өте қызықты болды. Сол үшін осы мектепке тапсыруды ұйғардым. 00:43 +++ 01:35 Мектеп іші жылы, жақсы. Мұғалімдері өте сыпайы, әрі білімді. Мен өз білімімді одан әрі жетілдіріп жатырмын. Бүгінгі күннің өзінде көптеген нәрсе үйрендім.
ӘМИНА ТОҚТЫҒАЗЫ – 7 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Мен өте қуанышты болдым. Себебі мен Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түскім келген. Мен алғашында оқуға түсе алмай қалғанда қатты ренжіп, оқуға деген құлшынысым жоғалып кетті. Ал, оқуға түскенімді білгенде, қуанышымда шек болмады және оқуға деген ынтам пайда болды. Алдымен ата-анама қоңырау шалып, осы хабарды айтты, содан кейін олар маған хабарласып мектепке қабылданғанымды жеткізді. Мен басында бұл өтірік деп ойладым, бірақ содан кейін біз Назарбаев зияткерлік мектебіне барғанда ғана мұның барлығы шынайы екенін түсіндім. Мен сонда оқитынымды елестеткенімде қатты таң қалдым.
Зияткерлік мектеп алдағы оқу жылында осы мектепке түскісі келетін 6 – шы сынып оқушыларының құжаттарын қабылдауды бастады. Еліміздің үздік білім ұясында оқып, «Өркен» білім беру грантын алуға оқушылардың толық мүмкіндіктері бар.
АСЛАН ЕРТІСБАЕВ