Жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды. Ұстаздар қауымы сапалы білім берудегі тың тәсілдерді ортаға салуда. Жылдам дамып жатқан уақытта мектептер заманауи технологияларды игеру керек. Педагогтер тамыз конференциясында осыған мән берді.

Секция жұмысына аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, әдіскерлер мен мұғалімдер қатысты. Әр бағытта білім сапасын арттыруға арналған тәжірибелер ұсынылды. Жиын алдында педагогтер мен қонақтар үшін арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда STEM кабинеттеріне арналған жаңа жабдықтар, робототехника жинақтары, бағдарламалық қамтамасыз ету үлгілері мен жасанды интеллект элементтері ұсынылды.

АЛЬФИЯ НИГМАТУЛЛИНА – «ОБЛЫСТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Көрмеде заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету түрлері де қойылды. Бүгінде инновациялық технологиялармен қатар жасанды интеллект элементтері де кеңінен қолданылып келеді. Сонымен қатар, мұнда қосымша білім беру бағытындағы түрлі жабдықтар ұсынылды. Олар қала мектептерімен бірлесе жұмыс істеп, балалардың робототехника, бағдарламалау және жасанды интеллект саласындағы қабілеттерін дамытады.

Көрмеден кейін басталған секциялық отырыстарда өңірлік білім беру саласының өзекті мәселелері мен жаңа оқу жылына арналған басымдықтары талқыланды. «Білім берудегі сапа мәдениеті» секциясында облыстың білім саласын дамыту жолдары мен педагогтердің кәсіби дамуы кеңінен сөз болды.

БАУРЖАН ТУЛЕНОВ- АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Сыни тұрғыдан ойналанатын терең білімі бар азаматтар мектеп қабырғасынан бастап тәрбиеленіп, қалыптасса жоғары да біз бәсекеге қабілетті, жаңалыққа құштар, жақсы нәиже көрсете алатын азматтардлы дайындап шығара аламыз. Оқушылардың тікелей жетістіктеріне әсер ететін бұл ұастаздардың дамуын, сапалы дамуын, трансформациясын қолжеткізетін бағытты жұмыстардың бір кейсі, сол кейспен сіздерді қазір таныстырамын.

Секцияларда мектепке дейінгі тәрбие, бастауыштағы сауаттылық, қосымша және инклюзивті білім, дарынды балаларды қолдау, цифрлық платформаларды пайдалану, тәрбие мен кітапхана ісінің жаңа форматы, интеграциялық және кәсіптік білімді дамыту бағыттары қамтылды. Ұстаздар тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектті пайдаланудың тиімді жолдарын ұсынды. Олардың ішінде STEAM технологиясын бастауыш сыныптарға енгізу бағытындағы жаңа әдістер де бар.

ЕҢЛІК НҰРИМХАНОВА- «№22 ЖОББМ-ЛИЦЕЙІ» КММ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Бұл яғни ғылым, инжерения, технология, өнер, математика бар барлығы бірлесіп жұмыс жасайтын технология болғандықтан, әрине, бұл баланы жан-жақты дамытады деген ойдамын. Қазір клиповый мышление дейді. Балаларға қазір тик ток, чат джи пи тидің кезінде біз оларға ауызекі тілмен сөйлеп, оны түсініңдерші деп айтудың қажеті жоқ. Олар тек қана көргенін, эмоционалды интеллект дамытып жатырмыз ғой, неге балада эмоция тудырған кезде ол ұзағырақ сақталады балада, сол үшін де STEAM технологиясы бұл жерде өте жақсы көмегін тигізеді.

Секция қорытындылары бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданып, жаңа оқу жылында өңірдің білім беру жүйесінде жүзеге асырылмақ. «Баршаға тең мүмкіндік – кәсіби болашаққа нық қадам» ұстанымы ұстаздардың алдағы жұмысына бағыт-бағдар болады.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА