Отанға қызмет ету - абыройлы іс. Бұл Қазақстан Қарулы күштерінің қатарында еңбек етіп жүрген Денис Медведевтің ұстанымы. Ол қазірде Семей қаласындағы 31767 әскери бөлімінің аға лейтенанты. СЮЖЕТ/СОЛДАТ/НҰРГҮЛ

Денис Александровичтің әр сабағы қызықты өтеді. Өйткені оның өзі қазақшаға судай. Жұмысының білгірі. Семейдегі 31767 әскери бөлімде қызмет етіп жатыр.

Әскери саланы таңдап, абыройлы еңбек етіп жүрген қызметкер. Ол 2001 жылы Семейде дүниеге келген. «Жас Ұлан» ерлер лицейінде білім алып, Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына түсіп, «Әскери істегі киберқауіпсіздік» мамандығын меңгерген. Қолында дипломы бар маманның алғашқы еңбек жолы Алматы гарнизонында басталды. Ал биыл аға лейтенант Семейдегі 31767 әскери бөлімге қызмет бабымен ауысып келді.

ДЕНИС МЕДВЕДЕВ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ
Менің ойымша Отанды қорғау қасиетті міндет. Әскер адамның мінезін өзгертеді, жинақылыққа, тез әрекет етуге, шынығып шыңдалуына жәрдем береді. Қазір Қарулы күштер әлемде қуатты әскерге айналды. Қуатты әскер ел тірегі.

Денис Александрович қуатты әскердің кәсібилігі үшін барын салып, еңбек етуде. Ұжымда беделге ие. Әскери қызмет мінезді қалыптастырады, жауапкершілікті арттырады, дейді. Жастарды Отан алдындағы борыштарын өтеуге шақырады. Азаматтық міндетті әскери билет алу үшiн емес, өз парызым деп түсiнген Денис Медведев Қазақстанның Қарулы күштерінің қатарындағы беделді қызметкер.


НҰРГҮЛ САДЫҚОВА