Берік Уәли Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты. Орталық ғимаратты жалға алып отыр. Жалдау ақысы да қомақты. Жылына 150 млн. теңгеге жетіп жығылады. Облыс әкімі мәселені назарына алды. Әлеуметтік мекемеге автобус табыстады.
Мұнда 385 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік көмектің 8 түрі бар. Оның ішінде үй жағдайында – 345 адамға, ал жартылай стационарлық жағдайда психоневрологиялық патологиясы бар 40 балаға күндізгі бөлімшеде қызмет көрсетіліп келеді. Қосымша 19 бала кезекте тұр. Аймақ басшысы ғимаратты аралап, қызметкерлермен пікірлесті. Облыс әкімі мекемеге балаларды тасымалдауға арналған 21 орындық жаңа автобустың кілтін табыстады.
РЫМЖАН ТЫНЫСОВА, АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Мен ата-ана мен балалардың атынан ең бірінші Сізге шексіз алғысымызды айтамыз. Үлкен рақмет! Еңбек жолында Сізге сәттілік тілейміз! Бойыңызға күш-қуат, денсаулық тілейміз. Халық үшін осылай, біздің балалар үшін қызметті аянбай істеп, Құдайым бойыңызға күш-қуат молырағынан берсін.
БЕРІК УӘЛИ: - Президент тапсырмасын орындап жатырмыз.
РЫМЖАН ТЫНЫСОВА: - Біз өте ризамыз. Мына автобус сіздер сыйлаған, кереметтей. Бәрі қаралған. Балалардың ремен безопасности, видеокамерасы ішінде.
Сондай-ақ, орталық директоры Рымжан Тынысова ғимаратты жалға алып отырғандарын жеткізіп, аталған мәселеге көмектесуді сұрады. Аймақтың басшысы ғимарат мәселесін шешуді тапсырды.
БЕРІК УӘЛИ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Үкімет тарапынан, мемлекет тарапынан қолдау көрсетеміз. Өздеріңізді әрине, түсінеміз. Ғимараттарыңызды жалға алып отырсыздар. Осы бойынша қала әкіміне жаңа тапсырма бердім. Ұсыныс беріңіздер. Осы ғимаратты басқа, өзіміздің ғимарат болуы керек. Әйтпесе, бұл ғимаратты жалға алған ақшасына 2 жылдың ішінде, жылына 150 млн. Әрине, ол көп қаржы кетіп жатыр. Одан да өзіміздің салып бастағанымыз мүмкін дұрыс шығар.
Мекемеде 129 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 64 әлеуметтік қызметкер, 20 педагогикалық маман, 6 медицина қызметкері бар. Орталықта балаларға медициналық, психологиялық, педагогикалық жағынан да қызмет көрсетіліп, оларды еңбекке бейімдеу, құқықтық кеңес беру жағынан да қолдау көрсетіледі.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ