Мемлекеттік қызметке жаңа форматта қабылдау бойынша Абай облысында пилоттық жоба басталды. Байқаудың барлық кезеңдері қазір толығымен онлайн режимінде өтуде. Үміткерлер тестілеуді ыңғайлы уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен тапсыра алады.
Мемлекеттік қызметке тест тапсыру да, іріктеу де мүмкіндігінше жеңілдетілді және ашық жүреді. Енді құжаттар интернет-портал арқылы беріледі, ал үміткерлердің өздері қашықтықтан сынақ тапсырады. Жаңа формат үміткерлерге тестілеуге ыңғайлы сағатты таңдауға және уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
ӘЛИЯ КАРИБАЕВА — АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Абай облысының жергілікті атқарушы органдары, мәслихаттар және тексеру комиссиясы, сонымен қатар, орталық мемлкеттік органдардың аумақтық бөлімшелері осы пилоттық жоба арқылы жұмыс жасалып жатыр. Енді бұл жерде айта кететіні, кандидаттарға ең ыңғайлысы 24/7 тестілеу рәсімдері жүргізіледі. Әлемнің кез-келген нүктесінен компьютер болған жағдайда, тестілеуге қалаған уақытында тапсырып, жазылып жатады.
Байқаудың алғашқы қатысушылары қазірде жұмыстарына кірісті. Олар жаңа форматтың артықшылықтарын сезінді. Өйткені сынақтарды қашықтықтан тапсыру әдісі уақытты ғана емес, күш-жігерді де үнемдейді.
БИНҰР САМАТОВА — АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Мен барлық үш этапты қашықтан өттім. Ол өте ыңғайлы. Екіншіден, алғашқы екі этаптың уақытын өз ыңғайыма қарай таңдадым. Мысалы, бұрын байқай өткізіп оытрған мемлекеттік орган уақытын белгілеп, мен сол уақытта қатысуым керек болатын. Ал қазіргі кезде жаңа формат бойынша осы екі этапты өз ыңғайыма қарай таңдап, соның арқасында жақсы нәтижеге тапсырдым деп ойлаймын.
Пилоттық жоба жыл соңына дейін жалғасады. Оның нәтижелері жаңа форматтың тиімділігін көрсетеді және болашақта жүйені елдің басқа аймақтарында да енгізуге болады. Қазірде Абай облысындағы жергілікті атқарушы органдарда жаңаша тест тапсырған 20-ға жуық қызметкермен толықты.
НҰРГҮЛ САДЫҚОВА