Осыдан 34 жыл бұрын Семей ядролық полигонында тыныштық орнады. Сынақтардың тоқтауына «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының қосқан үлесі шексіз. Ешкімге жалтақтамай, батыл қадам жасап, қару сынағына қарсылық білдіргендердің бірі Анатолий Мингалиев еді. "Невада-Семей" қозғалысы Анатолий Минзаитовичті еске алып, шахматтан турнир өткізді.
Абай атындағы облыстық кітапханаға қырықтан астам қатысушы жиналды. Турнирді Абай облысының шахмат федерациясы ұйымдастырған. Ол қоғам қайраткері, шешен — ингуш мәдени орталығының мүшесі және "Невада-Семей" қозғалысының белсенді қатысушысы Анатолий Мингалиевті еске алуға арналған.
СҰЛТАН КАРТОЕВ - "НЕВАДА-СЕМЕЙ" АНТИЯДРОЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ
Осы жылдар бойы, Семей ядролық полигонының жабылу жылдары, ол қозғалыстың белсенді қатысушысы болды, біздің қозғалысымызға көмектесті және қолдады. Менімен бірге шешен-ингуш орталығында жұмыс істей отырып, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлтаралық келісім мен тұрақтылық бағытын қолдады. Біз оған ризамыз.
Ойын Швейцария жүйесінде тоғыз турда өтуде. Қатысушылар екі жас санатына бөлінді — 14 жастан асқандар және 65 жастан асқан ардагерлер.
Анатолий Мингалиевті еске алу турнирі спорттық іс-шара ғана емес, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына қатысушыларға арналған құрметті көрсетті. Үздік шахматшылар грамоталар мен естелік сыйлықтар дайындалған.
ӘСЕЛ АЙДАР