Ескі көпір 1 аптаға жетпей бүгін ашылды. Абай облысы әкімінің тапсырмасы бойынша қолға алынған жөндеу жұмысы кестеге сай уақытында аяқталды. Семейліктер көптен күткен көпір жолы жаңарып, көліктер қос жағалауға еркін қатынап жүр. Ондағы жаңа шектеулерді біліп келген тілшімізді тыңдайық.

ЕРАСЫЛ КЕНЖЕБЕК-ТІЛШІ
Айтылды, орындалды. Ойдым-ойдым болған көпір жолының жаңарғанына қарап, осылай айтуға болады. Семейдің екінші көпірі де теп тегіс. Ертіс өзені ортасын жарып өтетін қала үшін көпір стратегиялық нысан. Сағатына мыңдаған көлік қатынайды. Әкімнің тапсырмасы аптаға жетпей іске асқаны семейліктерді қуантпай қоймады.
Жол жақсы, түзу. Жылдамдық 60-қа ауыстырды. Енді кептеліс азаяды деген ойдамын. Тез бітірді, жақсы жұмыс істеп жатыр.
Бұрын енді ескі көпірдің жолы шұрық-тесік еді. Әкім Берік Уәли келгелі жұмыс істеп жатыр. Барлығы сапалы. 60 пен жүреді енді. Халыққа, жүргізушілерге ыңғайлы қылып жасады.
Асфальт күшті, тез жасады. Бір аптаның ішінде. Осымен кептеліс бітетін шығар. Жол түзу, бір шұрық жоқ. Керемет.

Көпірдің қызметіне 60 жылдан асты. Көлік ағыны көп болғандықтан қауіпсіздік бірінші орында. Сондықтан жаңарған жолдағы көлік қозғалысына шектеулер бар. Полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

ҚАЙРАТ АБДЫҒАЛИЕВ - СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
«Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі шектеулер енгізілді: - ең жоғары жылдамдық - 60 км/сағатына; - көлік құралдарының арақашықтығы - кемінде 30 метр; - озуға тыйым салынады; - ⁠салмағы 2 тоннадан асатын көліктердің қозғалысына тыйым салынады; - қозғалыс әр бағытта бір жолақта ұйымдастырылды. Ережелердің сақталуын «Сергек» жүйесі мен полиция қадағалайды. Құрметті жүргізушілер, мұқият болып, Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.»

Жөндеу жұмыстары кезінде семейліктер көлік кептелісіне түсіністікпен қарай білді. Соңғы нәтижені асыға күтті. Осылай екі өткел де жаңа оқу жылына дейін жөнделіп, пайдалануға берілді.


Ерасыл Кенжебек