Облыстың әкімі аралаған нысандар қатарында «Семей-Павлодар» автожолы бойында орналасқан бақылау алаңы бар. Жастар жиі жиналатын жер көркейтілетін болады. Ал Қарағайлы ықшам ауданындағы жаңа саябақтағы жұмыстар жартылай аяқталып қалды.

Көпшілік бұл жерді «балкон» дейді. Жол бойындағы демалыс орны. Кешкісін шаһар алақандағыдай көрінеді. Сосын болар, жастар үйірсек. Жиі жиналады. Облыс әкімі жақында қала экологиясы мен тазалығына үлес қосып жүрген экобелсенділермен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдаған болатын. Енді бұл жер жаңа кейіпке енбек. Мұнда санитарлық-гигиеналық тораптар, қоқыс жәшіктері, демалыс орындықтары және жарықтандыру жүйесі орнатылады. Бұл жұмыстар қоғамдық кеңістіктерді жақсарту және тұрғындардың жайлы демалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Облыс әкімі бақылау алаңын абаттандырудың маңызын айтып, Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевқа аумақты кеңейту бойынша жоба әзірлеуді тапсырды.

ЖАҢА САЯБАҚТАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАРТЫЛАЙ АЯҚТАЛДЫ

Ал Қарағайлыдағы жаңа саябақта көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Берік Уәли оның құрылыс барысын көрді. Қазір мұнда көгалдандыру, тас төсеу, жарық бағандарын орнату жұмыстары жүріп жатыр. Саябаққа әкелінген 2 мың түп қарағай ағаштарының 500 -і отырғызылды. Жалпы құрылыс жұмыстарының 50 пайызы атқарылған.

БЕРІК УӘЛИ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өте жақсы саябақ болады. Қала тұрғындарына. Дұрыс болды. Адамдар жүріп, айналып. Мынаның бәрін енді, тезірек, уақытында суарып отыру керек. Әкелгеннен кейін, орнатқаннан кейін. Алып кету керек ары қарай. Қурап қалмасын. Жылдам отырғызыңдар. Әйтпесе, тамыры су алмай қурап қалады ғой.

Саябақ - бес гектар аумақты алып жатыр. Серуен жолдары, сахна, мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған алаңдар, демалыс аймақтары, шағын сауда орындары салынатын болады. Қарағайлы тұрғындарына жайлы әрі қауіпсіз жаңа демалыс орны пайда болмақ.

БЕРІК УӘЛИ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Ағаштар келіп жатыр. 540 штук мына контурадағы 270-і келді, отырғыздық. Тағы келіп жатыр. Күнделікті түскенде отырғызып жатырмыз. Қандай түрлері болады? (Б.У) Кәдімгі қарағай келіп бастады. Бұл 540 штук, 270 келді, отырғызылды. Сосын «Сібір шыршалары» мына ортаңғы жерлерінде болады.

Аймақ басшысы мердігер компания өкілдеріне құрылысты қала күніне дейін аяқтауды тапсырды.

ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ