ҚР ҰЯО радиоактивті қалдықтармен жұмыс істейтін оператор болып бекітілді
Қазақстанда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің бірыңғай ережелері қолданысқа енгізілді. Жаңа салалық заң кәсіпорындардағы бастапқы есепке алудан бастап, қалдықтарды көму мен ядролық мұра нысандарын жоюға дейінгі процестерді қамтиды. Яғни, материалдарға қатысты шаруалардың барлық кезеңін жүйелі түрде реттейді. «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заң биыл қыркүйек айында күшіне енді.